Previous Page  29 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 36 Next Page
Page Background

тауап етуге, құран кітабын ұстауға және құранды жатқа оқуға

тыйым салынады. Кеңірек айтар болсақ:

1. Намаздың барлық түрін оқуға тыйым салынады.

«Маида» сүресінің 6-аятында «Егер жүніп болсаңдар,

тазаланыңдар (ғұсыл құйыныңдар)», − деген.

2. Қағбаны тауап етуге тыйым салынады. Бұл жөнінде

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Расында қағбаны тауап ету −

намаз (болып табылады). Егер тауап ететін болсаңдар

,сөзді азайтыңдар», − деген.

3. Құран кітабын ұстауға тыйым етіледі. «Уақиға» сүресінің

79-аятында «Оны (Құранды) тек пәк (дәретті) адамдар

ұстайды»,−депбұйырылған.Сондай-ақ,Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.): «Құранды тек таза адам ұстайды», − деп айтқан.

4. Құранның сүресін немесе бірер аятын да жатқа оқуға

болмайды.

Ескерту:

Ал, күнделікті дұға ретінде қолданылатын құран

аяттарын оқуға рұқсат етіледі. Мысалы: тамақтану алдында

және бір істі бастамас бұрын «бисмиллаһ» деп айту, көлікке

мінер кезде «Субханаллази саххара лана һаза уа ма кунна

лаһу муқринин» (Зухруф сүресі, 13-аяты) дұғасын оқу,

үйде кіріп жайғасқан соң «уа қул Рабби анзилни мунзалан

мубаракан» (Муминун сүресі, 29-аяты) дұғасын оқу секілді.

Жүніп күйдегі адамға асыл дініміздің ең абзал ғибадаттарын

орындауға тыйым етіледі. Демек, мұсылман баласы шаруам

оңынан болсын және жақсы амалдарымды Аллаһ қабыл етсін

десе, ғұсыл секілді амалдарға мұқият болуы шарт.

29