قَتَلُوهُ قَتَلَهُمْ اللّ أَالَ سَأَلُوا إِذْ لَمْ يَعْلَمُوا فَإِنّمَا شِفَاء الْعِيّ السّؤَال
إِنّمَا كَانَ يَكْفِيهِ أَنْ يَتَيَمّمَ وَ يَعْصِبَ عَلَى جُرْحِهِ خِرْقَة ثُمّ يَمْسَح
عَلَيْهِ وَيَغْسِل سَائِر جَسَده
«Онықолданөлтіріпсіңдерғой.Білмесеңдерсұрамайсыңдар
ма? Білмегеннің дауасы − сұрау. Расында, ол кісіге таямум
етіп, жарақатын таңып, денесінің өзге мүшесін жууға болар
еді»
28
, − деп айтқан (Әбу Дәуіт, Дарақтани).
Ғұсыл алу тәртібі
Кісі ғұсылдың үш парызын орындап, яғни ауыз мұрынды
шайып, душқа, бассейнге, өзен көлге түсіп денеге толығымен
су тигізсе ғұсыл алынған болып есептеледі. Алайда,
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көрсеткен тәртіп бойынша ғұсыл алу
абзал әрі сүннет саналады.
Ғұсыл құйынуды ниет еткен адам әуелі әуретіндегі нәжісті
кетіреді. Сосын толығымен дәрет алады. Тек аяқтарын
жумайды. Келесі кезекте басын толығымен жуып алып, әуелі
оң иығына сосын сол иығына су құйып жуынады. Осылайша
толығымен үш рет тұтастай жуынып шығады. Егер жуынатын
орны су үймелейтін болса, аяқтарын шығарда жуады. Міне,
осы тәртіппен ғұсыл алу сүннет.
Ибн Аббас (р.а.) риуаят етеді: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
әйелі Маймуна (р.а.): Мен пайғамбарға (с.ғ.с.) ғұсыл құйынуы
үшін су әзірлеп бердім. Ол екі қолын екі-үш рет жуды. Сосын
сол қолына су құйып, жыныс мүшесін тазалады. Сосын (сол)
қолын жерге ысқылады. Кейін аузы мен мұрнын шайып, беті
мен қос қолын жуды. Сосын бүкіл денесіне су құйып шомылды.
Кейін шетірек тұрып, екі аяғын жуды,
29
− деп айтқан.
Жүніптік күйде тыйым салынатын амалдар
Жүніп (ғұсылсыз) адамға намаз оқуға (бес уақыт, жұма
және айт намаздарына), жаназа намазына қатысуға, қағбаны
28
Әбу Дәуіт, Дарақутни
29
Сунан Әбу Дауд, 1/65
28