4. Жаман иістен сақтан. Үйдің ішін тек хош иіс шығып
тұратындай таза тұт. Асханадан ашыған айранның,
бала бөлмесінен сасық төсектің, кіреберіс аяқ-киім
иісінен арылмайтын болса үйден береке қашады.
Үйін салақ ұстайтын әйел күйеуінің құрметінен де
айырылады.
5. Тамақтану уақытына аса мұқият бол. Күйеуің үй
босағасын аттап кірсе, лезде дастархан жай. Дастархан
басында күттіріп қоюшы болма. Өйткені, аш адам
ашушаң және жүйкесі әлсіз келеді.
6. Ұйқы уақытын кешіктірме. Күйеуің дағдыланған уақытта
төсек-жайын салып әзірлеп қой. Шаршап, ұйқы қысқан
кісі қатал сөз айтып ренжітіп қоюы әбден мүмкін. Бұл
араларыңның суып кетуіне себеп болады.
7. Үй мүлкін берік ұста. Үй жиһазы, қорадағы мал мұның
барлығы үлкен бейнетпен жиналады. Күйеуіңнің мүлкі
сенің де дүниең. Бейберекет шашып-төгіп ысырап
етуші болма. Күйеуің үйге қанша табыс әкелсе де,
оның берекесін келтіріп жұмсау сенің шаруаң. Қолыңа
ұстатқан теңгенің тиынын да үнемдеп жұмсасаң,
күйеуіңді қадірлегенің.
8. Күйеуіңнің ата-анасы мен ағайын-туысын кұрмет ет.
Атаңды әкедей көріп, енеңді анам деп айт. Өйткені,
барған үйдің босағасын аттаған күннен бастап сен ол
шаңырақтың адамысың. Күйеуің сені ардақ тұтсын
десең, оның туыстарымен жақсы қарым-қатынаста
бол.
9. Күйеуіңнің сырын сақтай біл. Сенімен өз ойын бөлісіп,
соны сыр сақтауды өтінсе, сырын адам баласына
айтушы болма. Жұбайлар арасындағы құпия сөз бен
іс-әрекеттер өзге адамдарға жария болып кетпеуі тиіс,
Жұбайлық өмір бір-біріне деген сенімге негізделеді.
Ал, үй ішіндегі сыр түздегі ел аузында жүрсе, шаңырақ
шайқалады.
10. Күйеуіңнің дінге қатысты айтқан әрбір сөзіне құлақ сал.
Дін құлшылығын құлшыныспен орында, жалқаулық
танытушы болма.
33