Previous Page  25 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 36 Next Page
Page Background

6.

Күйеуі де, әйелі де екеуі жеке қалғандағы қарым-

қатынастарын құпия сақтауміндет. Ерлі-зайыптылар арасында

болған жайтты бөгде кісіге айту үлкен күнәға жатады.

Имам Ахмедтің «Муснадында» бұл жайлы

إِنّ شَرّ اَلنّاسِ مَنْزِلَةً عِنْدَ اَللِّ يَوْمَ اَلْقِيَامَةِ ; اَلرّجُلُ يُفْضِي إِلَى اِمْرَأَتِهِ

وَتُفْضِي إِلَيْهِ , ثُمّ يَنْشُرُ سِرّهَا

Яғни, «Қиямет күні дәрежесі ең жаман адамдардың

бірі: кісі әйелімен жеке қалып, әйел күйеуімен жеке қалып

сосын араларындағы сырды жайып салушы», − деген хадис

келтірілген.

7.

Кісі әйелінің етеккір немесе босанғаннан кейінгі күтіну

мерзімінде жыныстық катынастан тиылуы міндет.

8.

Төсек қатынасында орташа мөлшерді ұстану қажет.

Себебі, жыныстық қатынасқа көп түсу денсаулыққа едәуір

зиян келтіреді.

Төсектен тұрғаннан кейінгі

жуыну

Жүніп және ғұсыл. Жүніп − ерлі-зайыптылардың қосыл-

ғаннан кейінгі дәретсіздік жағдайы. Сонымен қатар, ер кісі

мен әйелдердің бойынан құмарлықпен ұрығы шыққандағы

таза емес жағдайы.

Ғұсыл − жүніптік жағдайдан тазару. Сондай-ақ, ғұсыл ел

аузында бой дәрет деп те айтылады. Әйелдер етеккір немесе

босанғаннан кейін келетін қан тоқтаған соң да ғұсыл құйынуы

парыз.

Ғұсыл құйыну

Қандай жағдайда міндет? Денені толығымен жуып

тазалануды ғұсыл құйыну деп атайды. Мұсылман жұма

намазына, екі айт намаздарына барарда алдын ғұсыл

құйынып шығуы сүннет болып табылады. Алайда, сонымен

қатар, міндетті түрде ғұсыл құйыну қажет жағдайлар бар.

Олар:

25