Previous Page  21 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 36 Next Page
Page Background

А

ллаһ тағала әйел затына өз күйеуінің шариғатқа қайшы

болмаған барлық бұйрықтарын бұлжытпай орындауға

әмір етеді. Әйел баласы күйеуінің мал-мүлкін, абырой-

намысын сақтауға, үйіне тек күйеуі рұқсат берген кісіні ғана

кіргізуге тиіс. Сонымен қатар, әйел баласы өмірдің қуанышы

мен қиыншылығында Құдай қосқан қосағының қасында

болуға міндетті. Күйеуінің сырын ешкімге ашпауға, шынайы

сүйіспеншілік танытуға, сөзінде шыншыл болуға, күйеуі жақсы

көрген затты жақсы көруге сондай-ақ, жолдасына ұнамайтын

әрекеттер мен сөздерден аулақ болуға міндетті.

Зайд ибн Арқам (р.а.) риуаят еткен хадисте осы жайлы:

المَرأَةُ الَ تُؤَدِّي حَقّ اللِّ حَتّى تُؤَدِّيَ حَقّ زَوْجِهَا كُلِّهِ وَلَو سَأَلَهَا وَهِيَ عَلَى

ظَهرِ قُتبٍ لَمْ تَمنَعهُ حَقّهَا

Яғни, «Әйел заты күйеуінің барлық ақысын өтемейінше

Аллаһтың ақысын өтей алмайды. Егер күйеуі әйелін қалап

шақырса, әйел түйенің үстінде отырса да баруы тиіс», −

деген.

Әбу һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте:

Әйелдің міндеті

21