Previous Page  17 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 17 / 36 Next Page
Page Background

Ұ

лын үйлендіріп, келін түсірген үй алыс-жақын туыстары

мен көрші-қолаңды шақырып беташар өткізеді. Келінің

құтты болсын!,-деп тілек айтып, келіншекке көрімдік беріп,

сәлем салдырып қайту қазақи дәстүр. Ақын жігіт келінге

қайын атасы және енесінен бастап түгел қайын жұртымен

таныстырып, барлығына сәлем салғызады. Келін басын иіп,

сәлем береді.

Мұхаммед бин Хатыб (р.а.):

فصلُ ما بين الحرام و الحلال الدفّ و الصوت

Мағынасы: «Харам мен халал арасын бөліп тұрушы дабыл

мен дауыс»

18

, - деген хадис риуаят еткен. Демек, домбыра

секілді аспаппен ән айтып той тойлау шариғатта рұқсат

етілген амал.

Үйлену тойын жасау мұстахаб. Музыкалық аспаптармен

ешбір бұзықтыққа шақырмайтын және әдептен шықпайтын

өлеңдермен тойлауға болады. Бұл қуанышты сәтке

байланысты. Бұл некені жариялау және жастарды үйленуге

үндеу болып табылады

19

.

Айша (р.а.) анамыз Асъадқызы Фариъаны ұзатып, күйеу

жігіттің (Нубайт бин Жабир әл-Ансари) үйіне алып барады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «ей, Айша! Қандай ойын-сауық

болды? Ансарлықтар ойын-сауықты ұнататын халық»

20

, - деп

той-томалақ жасаудың дұрыс екендігін аңғартқан.

18

әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул, шайх Мансур Әли Насиф,

Стамбул, «мактабат ханафия», 1-2 том, Неке бөлімі, некені жариялау,

301-бет

19

Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед

Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», некеге қатысты мұстахаб

амалдар, 59-бет

20

Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед

Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», некеге қатысты мұстахаб

амалдар, 59-бет

Үйлену тойы

17