Шымылдық
әдептері
1.
Әйелімен
төсекке
жатқанда
бис-миллаһ деп айту мұстахаб. Ал,
қосыларда:
بِاسْمِ اللِّ ، اللّهُمّ جَنِّبْنَا الشّيْطَانَ ، وَجَنِّبِ
الشّيْطَانَ مَا رَزَقْتَنَا
(Бисмиллаһ,Аллаһуммажаннибнаш
шайтана, уа жаннибиш шайтана ма
разақтана).
Яғни, «Бисмиллаһ, Аллаһым, шайтан-
ды бізден алыс ет, және шайтанды бізге
берген (перзенттен) алыс ет», − деп айту
қажет. Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген
хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):
«Сендердің бірің әйелімен қосылар
болса: бисмиллаһ, Аллаһым, шайтанды
бізден алыс ет, және шайтанды бізге
берген (перзенттен) алыс ет, − деп дұға
етсін. Егер, перзент сүюді жазса (сол түні
ана кұрсағынан бала бітсе), ол балаға
шайтан ешқашан зиян етпейді»
23
, − деген
сөзі бар.
Хадистегі «шайтан зиян етпейді»
деген сөздің мағынасын Мужаһид:
әйелімен қосылғанда «бисмиллаһ» депl
айтпаса, шайтан ер кісімен бірге әйеліне
жақындайды, − деп талқылаған. Басқа
ғұламалар: «бисмиллаһ» берекетімен
шайтан баланы дінде азғырмайды,
23
әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул,
шайх Мансур Әли Насиф, Стамбул, «мактабат
ханафия», 1-2 том, Неке бөлімі, шымылдық
әдебі, 308-бет
Ерлі-зайыпты-
лар арасында
болған жайтты
бөгде кісіге ай-
ту үлкен күнәға
жатады.
23