Previous Page  18 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 36 Next Page
Page Background

Е

р кісінің міндеті діни (рухани) және дүниауи (материал-

дық) болып бөлінеді.

Діни: Ер азамат жұбайына жақсылық етуі, құрмет көрсетуі

іс-әрекеті мен сөйлеген сөзі жұмсақ болуы және көңіліне

шаттық беруі − күйеулік міндеті. Сонымен қатар, әйелінің

кейбір сөздері мен әрекеттеріне сабырлық танытуға да

тиіс. Бұл жайлы «Ниса» сүресінің 19-аятында: «... Сондай-

ақ, олармен жақсы мәміледе болындар. Егер оларды жек

көрсеңдер, сендер жақтырмаған нәрседе Аллаhтың көптеген

хайыры болуы мүмкін», − деп баяндалған.

Ер кісі әйелін құрметтеп, қадір тұтуы оның жоғары

көркем мінез иесі екендігін білдіреді. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.):

«Мүминдердің иманы кәмілділері − көркем мінезділері. Ал,

сендердің жақсыларың әйелдеріңе жақсы болғандарың»

21

, −

деп айтқан.

Ер азаматтың өз әйеліне деген қамқорлығына оның

қадір-қасиетіне, ар-намысына тиетін өсек-аяңдардан және

іс-әрекеттерден қорғауы да жатады. Өйткені, мүмин кісі өз

жұбайын және бала-шағасын өзгенің орынсыз сөзі мен ісінен

қызғануы қажет.

21

Термизи және Ибн Мажаһ риуаяты

Күйеудің

міндеті

18