Previous Page  19 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 36 Next Page
Page Background

Сахаба Аммар ибн Ясир (р.а.) айтқан хадисінде:

ثَالَثَةٌ الَ يَدْخُلُونَ الْجَنّةَ أَبَدًا : الدّيّوثُ ، وَالرّجُلَةُ مِنْ النِّسَاءِ ،

وَمُدْمِنُ الْخَمْرِ ، قَالُوا يَا رَسُولَ اللِّ : أَمّا مُدْمِنُ الْخَمْرِ فَقَدْ عَرَفْنَاهُ فَمَا

ِالدّيّوثُ ؟ قَالَ : الّذِي الَ يُبَالِي مَنْ دَخَلَ عَلَى أَهْلِهِ ، قِيلَ : فَمَا

الرّجُلَةُ مِنْ النِّسَاءِ ؟ قَالَ : الّتِي تُشَبّهُ بِالرِّجَال

Мағынасы:

«Үш түрлі адам жәннатқа мәңгі кірмейді:

дәис, еркекшора әйел және араққа салынған адам, − деді.

Сахабалар:-Уа, Аллаһ елшісі! Араққа салынған кісі дегенді

білеміз. Дәис деген кім? − деп сұрады. Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.): Үйіне (әйелі мен бала-шаға алдына) кім кіріп-шығып

жатқанына мән бермейтін кісі, − деп жауап берді. Сахабалар:

-Еркекшора әйел кім? − деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ол − (сыртқы көрінісі, киім киісі, жүріс тұрысы мен сөйлеу

әдеті) ер кісілерге ұқсаған әйел»

22

, − деп жауап берді.

Дүниауи: Мұсылман кісі әйелінің азық-түлігін, киім-кешегін,

дәрі-дәрмегін және де басқа қажеттілігін қамтамасыз етуі

− отағасы ретіндегі міндеті. Бұл жайлы, «Талақ» сүресінің

7-аятында: «Аллаhтың бергені бойынша нәпақа берсін. Алла

ешкімге бергенінен артық жүктемейді...», − деп әмір етілген.

Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында ер кісілерге:

«Әйелдер алдындағы міндеттеріңе (немқұрайлы болудан)

Аллаһтан қорқыңдар. Сендер әйелдерді Аллаһтың сөзімен

некеге алдыңдар. Аллаһтың сөзімен адал жар еттіңдер.

Сендер (жұбайларыңнан) ұнатпаған кісіні үйлеріңе жуытпауды

талап ете аласыңдар. Егер кіргізер болса, (әйелдеріңді)

жөнімен тәртіпке шақырыңдар. (Әйелдер) сендерден өздерін

азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етулеріңді талап

ете алады», − деген. Бұл имам Мүслимнің сахих жинағында

айтылған хадис.

Муғауия ибн Хайда (р.а.) мен Аллаһ елшісінен (с.ғ.с.):

-Уа, расул! Әйелдеріміздің бізде қандай құқығы бар? − деп

22

Кабаир әз-зунуб, Юсуф Ахмад, Ибн Хажар баспасы, 2007ж. 31-үлкен

күнә, 433-бет.

19