Мұндай күрделі мәселені қыз өз бетінше шешуі қайта
түзетуге келмейтін, орны толмайтын қателікке алып барары
сөзсіз.
Айша (р.а.) анамыздың жеткізген хадисінде:
ُأَيّمَا امْرَأَةٍ نَكَحَتْ بِغَيْرِ إذْنِ مَوَالِيهَا فَنِكَاحُهَا بَاطِلٌ. ثَالَثَ مَرّاتٍ فَإِنْ دَخَلَ بِهَا
فَالْمَهْرُ لَهَا بِمَا أَصَابَ مِنْهَا وَإِنْ تَشَاجَرَا فَالسّلْطَانُ وَلِيّ مَنْ الَ وَلِيّ لَه
Яғни: «Қайсыбір әйел уәлиісіз (яғни, қамқоршысыз)
тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз» деп үш рет айтқан. Ал,
егер (әйел) ер кісінің шаңырағын аттап, шымылдыққа кірсе,
әйелге маһр беріледі. Уәлилер қызды тұрмысқа беру кезінде
тартысып қалса, Үкімет уәли болады
13
», − деген.
Қыздың қамқорлары (яғни, әкесі мен бауырлары) қыз
тандауына келісе алмай қалса, ал, қыздың шыққалы тұрған
жері өз теңі және иманды болып тұрса, мұндай жағдайда
Үкіметке жүгіну қажет. Қысқаша айтқанда АХАЖ-ға тіркелуі
тиіс. Өйткені, Үкімет некеге тұру мәселесін осы мекемеге,
яғни, АХАЖ-ға тапсырған. Хадистегі Үкімет уәли дегені осы
АХАЖ.
Төртінші шарты:
Куәлардың қатысуы.
«Талақ» сүресінің 2-аятында: «...Куәлікті Алла үшін толық
орындаңдар!», − деген.
Неке қию кезінде куәлардың қатысуы шарттығы жайлы
пайғамбарымыз (с.ғ.с.):ٍ
الَ نِكَاحَ إالّ بِوَلِيٍّ وَشَاهِدَيْ عَدْل
Яғни, «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді
14
», − деген.
Бұған қоса, Абдулла ибн Аббас (р.а.) баяндаған хадис
шарифте
13
Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд
әл-Маусили әл-Ханафи, Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке
бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
14
Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи,
2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию
шарттары, 153-бет
14