Аллаһ ол кісіге әйелін берекелі, ал әйелге күйеуін кұтты
етеді», − деген екен.
Мұндай жігіттер маңдай терін төкпей қыз төркіні есебінен
тұрмысын түзеп, бай болам деп жүріп, бейшара кейіпке енеді.
Қазақта «Кедейлік ұят емес, байлық мұрат емес» дегендей,
әрбір ер азамат ризық-несібесін өз еңбегімен тапқанға не
жетсін?! Ал, жар тандауда үлкен болашақты ойлау қажет.
Таңдап тұрған қыздың ертеңгі күні әке-шешеге ибалы келін,
перзенттерге перизат ана, ал өзіне адал жар болуын ойлағаны
жөн. Ең дұрыс таңдау да осы.
Абай Хакімнің:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма.
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма
9
, − деген сөзі де осы
хадистің түсіндірмесі іспетті.
9
Абай (Ибраһим) Құнанбаев, Екі томдық шығармалар жинағы, Алматы
«Жазушы» 1986-жыл
...Әйел алса төрт белгісін
көздейді,
Бұл төртеуден кездеспейді
өзгесі.
Бай әйелді біреу іздеп
жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді.
Бірі тілер тұқымы асыл,
тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.
Бірі нәзік, имандысын
таңдайды,
Оны тапса, көңілде алаң
қалмайды
Жүсіп Баласағұн
10