Previous Page  5 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 36 Next Page
Page Background

яғни, материалдық тұрғыдан жағдайын түзегенге дейін өзін-

өзі ұстай алатын кісіге үйлену мәкрүһ. «Нұр» сүресі, 32-

аятында «...Үйленуге шамасы келмегендер Алланың рақымы

түсіп, байығанша, өздерін бекем ұстасын (суық жолдан сақ

болсын)...», − деп әмір етілген.

Сондай-ақ, отбасын материалдық жағынан қамтамасыз

ете алатын, бірақ белсіз ер кісілерге үйлену − мәкрүһ. Алайда

харам емес, яғни, тыйым салынбайды. Өйткені, отбасылық

өмір тек жыныстық қатынаспен өлшенбейді. Ерлі-зайыптылар

бір-бірінің жылуына, отбасының берекесіне және жәрдеміне

мұқтаж. Сондықтан осы топтағы кісілер егер үйленбек болып

шешсе, айттырып отырған әйелге өз жағдайын жасырмай

толық хабардар етуге міндетті. Әйел келіссе, Аллаһтың

берекетімен отбасын құруына болады.

Некеге үндеу

Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) бір хадисінде:

مِنْ سَعَادَةِ ابْنِ آدَمَ ثَلاَثَةٌ ، وَمِنْ شِقْوَةِ ابْنِ آدَمَ ثَلاَثَةٌ ، مِنْ سَعَادَةِ ابْنِ آدَمَ ؛

الْمَرْأَةُ الصّالِحَةُ ، وَالْمَسْكَنُ الصّالِحُ ، وَالْمَرْكَبُ الصّالِحُ ، وَمِنْ شِقْوَةِ ابْنِ آدَمَ

، الْمَرْأَةُ السّوءُ ، وَالْمَسْكَنُ السّوءُ ، وَالْمَرْكَبُ السّوءُ.

Яғни, «Адам баласын бақытты ететін де, сорлататында үш

нәрсе. Адамды бақытты ететін, бұл − ізгі әйел, жайлы үй және

жақсы көлік. Адамды бейбақ ететін − жаман әйел, жайсыз үй

және жаман көлік

2

», − деп айтылған (имам Ахмад кітабынан).

Сахаба Ибн Аббас (р.а.) риуаятында:

ِأَرْبَعٌ مَنْ أُعْطِيَهُنّ فَقَدْ أُعْطِيَ خَيْرَ الدّنْيَا وَالآخِرَةِ : قَلْبٌ شَاكِرٌ ، وَلِسَانٌ ذَاكِرٌ ،

وَبَدَنٌ عَلَى الْبَلاءِ صَابِرٌ ، وَزَوْجَةٌ لا تَبْغِيهِ خَوْنًا فِي نَفْسِهَا وَلا مَالِه

Яғни, «Төрт нәрсе бар, кімге бұл төртеуі берілсе, оған екі

дүниенің жақсылығы берілгені, олар: шүкір етуші жүрек, зікір

2

Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед

Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», ізгі әйел таңдау, 12-бет

5