Previous Page  8 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 36 Next Page
Page Background

Яғни, «Аллаһқа деген тақуалығынан кейін мүмин үшін

ізгі әйелден артық қазына жоқ. (Ізгі әйел) күйеуінің тілін

алады, күйеуі мұндай жарының жүзіне қараса, жаны

жадырайды. Күйеуі істе деген шаруаны орындап, істеме

дегенге жоламайды. Сондай-ақ, күйеуінің сырын, ар-намысы

мен абыройын сақтайды. Күйеуі жоқ кезде қиянат етпейді

6

»

деген.

Шынында, әйел заты өзі таңдап, етегінен ұстаған

азаматтың көңілінен шыға білмесе, отбасылық өмірдің мәні

құрып, шырқы бұзылары анық. Шаңырақтың шайқалмауына

екі жастың шынайы сезімінен бөлек имани қарым-қатынастың

қосар үлесі мол.

Хадис ғылымының атасы Әбу Һурайра (р.а.) таңдау

жасағанда жаңылыспай, жақсы жар табу туралы мынадай

хадис жеткізген:

َتُنْكَحُ اَلْمَرْأَةُ لَِرْبَعٍ : لِمَالِهَا , وَلِحَسَبِهَا , وَلِجَمَالِهَا , وَلِدِينِهَا

, فَاظْفَرْ بِذَاتِ اَلدِّينِ تَرِبَتْ يَدَاك

Яғни, «(Әдетте) әйелге төрт қасиетінің бірі үшін (қызығып):

байлығы, тектілігі, сұлулығы және діні үшін үйленеді. Діндарын

(яғни, имандысын) таңда, әйтпесе құтың қашып, қадірің

кетеді

7

» деген.

Бұл хадисте еркекті әйел бойында қызықтыратын көркі,

мал-дүниесі, тегі және діндарлығы секілді сипаты екендігі

айтылған. Егер әйел иманды болмаса, қалған үш қасиетінен

пайда болмайтынын ескертеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жар іздеген жігіттердің әйелдің

бойындағы сиқырлаушы сұлулығына, мол дүниесіне және

танымалы тегіне қатты қызығатынын көрген. Әйелдің

діндарлығы мен имандылығына аса мән бермейтіндігін

байқаған. Алайда, жақсылықтың барлығы иманда. Имансыз

әйелдің сұлулығы, тегі, тіпті, дүниесі де ешбір пайда

бермейді.

6

Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед

Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», неке, ізгі әйел таңдау, 12-бет

7

әт-Таж Жамиъ лил усул фи-ахадис расул, шайх Мансур Әли Насиф,

Стамбул, «мактабат ханафия», 1-2 том, Неке бөлімі, 2-баб, 281-бет

8