«Әйелдердің маһрін
(қалың малын)
ықыласпен беріңдер...»
«Ниса» сүресі, 4-аятٍ
الْبَغَايَا الالّتِي يَنْكِحْنَ أَنْفُسَهُنّ بِغَيْرِ بَيِّنَة
Мағынасы:
«Ешбір дәлелсіз (яғни, куәсіз) өз бетінше
некеге тұратын әйелдер жезөкше»
15
, − деп айтылған.
Некеге куәгер болатын адамға қойылатын шарттар
16
:
1. Ақыл-есі дұрыс болуы. (Жүйкелік науқасы бар, маусым
сайын қозатын − жүйкелік сырқаты бар немесе түбегейлі
жынды адамның куәлігі қабыл етілмейді);
2. Куәгер балиғат жасына жеткен болуы;
3. Бас бостандығы бар адам болуы;
4. Мұсылман кісі. (Діні ислам болмаған кісі некедегі куәлігі
заңсыз болып табылады);
5. Куәгердің есту қабілеті дұрыс болуы. (Екі куә да
некелесуші екі жақтың берген жауаптарын естуі тиіс).
6. Куәлардың әділ болғаны абзал. Алайда, қатаң талап
етілетін шарт емес. Яғни, жоғарыдағы қойылған
талаптарға сәйкес адам болып тұрса, куәгер ретінде
некеге қатысуына рұқсат етіледі.
Маһр мәселесі.
Маһр жайлы «Ниса» сүресінің, 4-аятында:
«Әйелдердің маһрін (қалың малын) ықыласпен беріңдер...»,
− делінген.
15
Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи,
2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию
шарттары, 153-бет
16
Фиқһул Уадих (төрт мазхабқа Құран және хадис негізінде ), д.Мухаммед
Бәкір Исмаил, 2-том, Каир, «Дарул манар», неке, куәларға қойылатын
талаптар, 34-бет
15