1.
Ұйықтап жатқан немесе ояу адамның (ер кісі және
әйелдің) бойынан ләззатпен ұрықтың шығуы.
Үмму Салим пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: уа, Алла
елшісі! Әйел баласы да ұйқыда ер кісі секілді түс көреді, бұл
жағдайда ғұсыл құйынуы міндет пе?,-деп сұрады. Пайғамбар
(с.ғ.с.): құмарлық сезеді ме?,-деді. Үмму Салим: болуы
мүмкін!,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): (бойынан немесе киімінен)
ылғардық көреді ме?,-деді. Үмму Салим: болуы мүмкін!,-деді.
Пайғамбар (с.ғ.с.): Ондай болса, ғұсыл құйынсын, - деп жауап
берді
24
.
Кісі ұйқыда жатып түс көрсе, алайда киімінен ұрықтың
белгісін таппаса ғұсыл құйыну парыз емес. Ал, ешбір түс
көрмей бірақ оянғанда киімінен ұрықтың ізін тауып алса ғұсыл
құйыну шарт болады.
Ал, науқастық немесе басқа да салдар себепті, ешбір
құмарлықсыз кісі бойынан ұрық шығатын болса, ол зәр болып
есептеледі. Мұндай жағдайда тек дәрет алу қажет.
Сондай-ақ, ұйқыдан тұрып дәрет алып намазын оқып
болған соң киімінен жүніптік белгісін көрсе, намазын қайта
оқиды.
2.
Ерлі-зайыптылар жыныстық мүшелері жанасса.
Айша анамыз (р.а.) бұл жайлы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):
«Ұшы ұшына енсе ғұсыл уәжіп болады»
25
, деген сөзін риуаят
етеді.
Ер кісі мүшесінің басы әйел жатырына енсе, ұрық шықпаса
да кісіге де, әйелге де ғұсыл құйыну міндет. Мұндай жағдайда
кісінің бойынан сперма шықса да, шықпаса да мүшесі
әйелдің жатырына енгендіктен ғұсыл құйыну екеуіне де уәжіп
болады.
3-4.
Әйелдің етеккірі және босанғаннан кейінгі қан келу
кезеңі біткеннен кейін ғұсыл құйынуы парыз.
Құранда: «...қашан олар нақ тазарса...»
26
, - деп әмір етілген.
Әбу Ханифа Омар және Ибн Масудтан (Алла тағала екеуінен
де разы болсын) риуаят етеді: хайыз (етеккір) – қаны тоқтаған
24
Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи,
1-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, ғұсыл уәжіптері, 65-бет
25
Жоғарыдағы кітап, ғұсыл уәжіптері, 67-бет
26
Бақара сүресі, 222-аят
26