Тұрмысқа шыққалы тұрған қызға анасының айтқан
сөздері:
1. Қанағатшыл бол. Тұрмысыңа шүкіршілік ет. Күйеуің
үйге алып келген несібесін жылы шыраймен қабылда.
Азық-түлік болсын, киім-кешек болсын, аз болсын,
көп болсын Аллаһқа шүкіршілік айтып ал. Күйеуіңе
алғыс айтып қоюды да ұмытпа. Өйткені, адам өзінің
тұрмысына ризашылық танытқанда бақытты өмір
сүреді. Өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіне наразы
болып, тек қана сәттілік уақыттарына ғана қуанатын
адам жан тыныштығынан айырылады.
2. Өмірлік жолдасыңа бағын. Айтқан сөзін екі етпей
орында. Тапсырған ісін тыңғылықты орындап, істеме
деген шаруаға мүлдем жолама. Күйеуің сенің сөйлеп
тыңдағаныңнан өзіне құрметпен қарайтындығыңды
сезінетін болсын. Осылайша етсең саған Аллаһ риза
болып, шаңырағың бақытқа толады.
3. Үй тазалығына жіті мән бер. Үйдің іші мен ауласында
күйеуіңнің көзіне жаман көрінетіндей зат жатпасын.
Үйдің тазалығынан әйелдің ұқыпты екені аңғарылады.
Ал, «төркіні жақын әйелдің төсегі жиылмайды»
дегендей салақ әйелдің үйі де лас келеді.
ХИКАЯ
Он насихат
(Әрбір әйел білуі тиіс)
32