Previous Page  30 / 36 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 36 Next Page
Page Background

Қосымша:

Талақ.

Азаматтар отбасын құрып үйленген шақта мәңгілікке

бірге боламыз деп уәделесіп сөз байласады. Алайда,

жаңадан құрылған жанұя босағасын берік етіп, шаңырағын

көтеріп алғанша сан-қилы қиындықты басынан өткереді.

Жұптық өмір тек жақсы күндерден тұрмайтыны белгілі. «Үй

болған соң ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды» дегендей,

отбасылық өмірде қуаныш пен қиындық қатар жүреді. Түрлі

сынақтардан сүрінбей өте білген және ерік-жігері мықты жұп

қана жанұясын сақтап қалады. Қиын күндерде қатар тұрып,

түрлі сынаққа сүрінбей төтеп берген, қиын сәттерде бірін-бірі

демеп жігерлендірген елі-зайыптылар шаңырағын аман алып

қалады.

Алайда, бір-біріне деген сезімі сөніп, арада сенімсіздік

пайда болса. қанша әрекет етсе де қарым-қатынас өз қалпына

қайта келмесе. екі жақтың ата-анасы мен ағайын-туысы ерлі-

зайыптыларды жарастыра алмаса, мұның шешімі ажырасу.

Ажырасу − ерлі-зайыптылар бірге тұруы мүмкін болмай,

бұдан әрі жанұя болып тұру екеуіне де немесе біріне зорлық-

зомбылық тигізетін жағдайдағы шешім.

Талақтың үкімі

Талақ та неке сияқты жағдайға қарай кейде харам, кейде

мәкрүһ, кейде уәжіп, кейде мұстахаб болады.

Талақ харам етілген жағдай:

1.

Әйелмен етеккір және босанғаннан кейінгі қан көру

кезеңінде ажырасу.

«Аллаһтың құзырында

адал болған (рұқсат

етілген) алайда қатты

ашуын тудыратын

амал талақ»

30