Previous Page  46 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 46 / 52 Next Page
Page Background

сыртқы еркіндікті, жүріс тұрыстағы тәсіл мен көзқарас

нүктелері баламалары арасындағы ойластырылған

таңдау қабілеттілігін білдірді. Либерал философ-

тар қоғамдық даму мен толығырақ ақиқатқа жетудің

қажетті шарты – тәжірибе мен көзқарастардың

көпқырлылығы деп білді.

А. Шопенгауэр мен А. Гален «төзімділік» ұғымына

өзіме қатысты «Мен», ал басқаларға қатысты «Сен»,

«Ол», «Біз» ретінде қарады.

Бұл уақыттарда Дж. Ст. Милль (1806-1873)

толеранттылық идеясын еркіндіктің басты шарты

ретінде көтерді. Теңқұқықтық, демократиялық мем-

лекет әр адамға оның сезімдері мен көзқарастарына

сәйкес өмір сүру мүмкіндігін беретін болғандықтан,

ол

толеранттылықты

демократияның

қажетті

бөлігі ретінде қарастырды

73

. Өз кезегінде Милльдің

толеранттылықты Дж. Локтан да кең қарастырғанын

айтуға болады. Дж. Локк толеранттылықты христи-

ан сенімі шегінде ғана қарастырған. Милль болса

әр қоғамның өзіне тән ерекшелігі мен көптүрлілігін

ортаның қалыпты белсенді жұмысының маңызды

белгісі ретінде қабылдаған. «Өз игілігің» (бла-

го в себе) үшін еңбек ету қашан да қажетті. Милль

толеранттылықты христиан сенімі аясында ғана шекте-

мей мәдени көптүрлілік тұрғысынан кең қараған. Бұған

қоса, қоғамдағы әлеуметтік оң өзгерістер үшін адамға

басқаларға толеранттылық көрсетіп, сын сағаттарда

төзімділік таныта білу үшін гедонизмді жақтаған.

Ал XX ғасырдың 70 жылдары Дж. Роулс бұл

құндылықты әлеуметтік әділеттіліктің негізі ретін-

де

анықтады.

Толеранттылықтың

либералды

түсіндірмесін қазіргі зерттеушілер қатарында Сьюзен

73

Кэррол Д. Диалог цивилизаций. – Алматы: Көкжиек-Б, 2009.

– Б. 184 58 б.

46

Діни толеранттылық: кеше және бүгін