Previous Page  43 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 52 Next Page
Page Background

ханзадаларының Аугсбург келісімі ретінде қабылдаған

«басшылық кімге тән болса, дін де соған тән» (cujus

regio, ejus religio) деген саясаттың жалғасы. Діни

төзімділікке тыңғылықты шешім болмаса да бұл

келісімде мынандай жайттар айтылды «курфюрстар

мен княздар арасында Империяның конституциясы

мен басқа да заңдарына сәйкес толық әрі өзара теңдік

орнауы керек. Осы келісімге сәйкес бір жақ үшін

әділетті болып табылған жағдай екінші жақ үшін де

әділетті болуы тиіс»

70

.

Ағарту басталғанда кең түрде діни толерант-

тылыққа үндеуді және реформаларды қолдайтын са-

яси теориялардың жетіле бастағанын көреміз. Бұл

уақыттарда толеранттылық туралы ойлар сөз ер-

кіндігі мен ар-ұждан бостандығына ұласып, әйгілі

философтардың еңбектерінде көрініс таба бастады.

Әсіресе, ХVII ғасырдың либералды ойшылдары П.

Бейл (1647-1706), С. Кастеллион, Дж. Локк (1632-1701),

Ф. Вольтер (1694-1778), Д. Дидро (1713-1784), П. А. Голь-

бах (1723-1789), Ж.Ж. Руссо (1712-1778) және т.б.

Дж. Локк (1632-1704) ағылшын философы және

педагогы, өзінің «Опыт о веротерпимости» (1667ж)

еңбегінде толеранттыққа шексіз құқық береді

.

Толеранттықтың апологеттік дәстүрі – билеушінің діни

істерге араласу құқығының болмауы. Тұлғаның рухани

ізденісіне қол сұғу, өзге дінді мойындауға мәжбүрлеу

дұрыс емес. Бұл билік өкілі үшін оны ақырында

жеңіліске ұшырататын ең тиімсіз жол. Д.Локк «Посла-

ние о веротерпимости» еңбегінде: «Адамның рухани

сенімін өзгерту үшін көңіліне сәуле түсіру керек, ол

70

Савич И. А. Политико правовая-основа толерантных

отношений в истории западных государств IV-XVIII вв.

Б. 76-77 // Толерантность в современном обществе: опыт

междисциплинарных исследований : сборник научных статей

/ под научн. ред. М.В. Новикова, Н.В. Нижегородцевой. –

Ярославль : Изд-во ЯГПУ, 2011. - 357 с.

43

Діни толеранттылық: кеше және бүгін