ешқашанда дене жарақаты арқылы мойындатылмай-
ды», – дейді
.
Сөйтіп, ол басқаша ойлайтын бытыраңқы
секталарға қатысты толеранттыққа жол беруге бола-
ды, ал олардың езушіні тайдыру ниетімен бірігуіне
жол бермеу керек деген пікір айтады. Д.Локк сенімдері
мемлекет құрылымын шайқалтатындай ой-пікірлері
бар адамдарға қатысты мәжбүрлеуді ақтайтынын атап
көрсетеді
71
.
Діни қақтығыстарға себеп болған саяси әрі
әлеуметтік өзгерістерге қарсылық ретінде Голланди-
яда жариялаған Джон Локтың «A Letter Concerning
Toleration» (Толеранттылық жайлы хат) (1689) еңбегі
бойынша сол уақыттарда христиан ағымдарының
соғыстарынан қалжыраған Англия халқы дін-
ді ұстануға ерік алды, діни қауымдастықтар өзара
тең құқықты иеленді, шіркеу мемлекеттен бөлінді.
Локктың түсінігінде шіркеу адамдардың «еркін әрі
азат» қауымдастығы, ол ешқашан елдің заңдарына
қарсы келіп, мемлекетке зиян тигізбеуі тиіс. Философ
«әртүрлі адамдар арасындағы секілді әртүрлі шіркеу-
лер арасында да тең дәрежеде бейбітшілік, теңдік және
ешқандай да құқықтық артықшылыққа бармайтын
достық болуы керек» деген пікірді жақтады
72
. Локк
тіпті өз бағдарламасында католиктер мен атеистердің
азаматтық құқын шектеуді де қарастырды. Оның
түсіндіруінше, католиктер адамзат қоғамын ұстап
тұрған құндылықтарға, сөзге де, келісімге де, антқа да
пысқырып қарамауда, ал атеистер болса папа билігіне
бағына отырып мемлекетке қарсы шараларға қатысуда.
Локк үшін мемлекеттің азаматтық құқы мен заңдық
құқы«ішкі христиандық»толеранттыққакепілдікрөлін
71
Локк Д. Басқу туралы екі трактат./ауд. Иманбаев М.Ө.,
ред.: Нұрышева Ғ.Ж., Ғабитов Г.Х. Зерде қоғамдық қоры;
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы. –
Алматы.: Раритет, 2004-Б.230.
72
Локк Дж. Собрание сочинений. – M., 1988. – 400 c. С. 101.
44
Діни толеранттылық: кеше және бүгін