Previous Page  47 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 47 / 52 Next Page
Page Background

Мендус, Д. Хортон, М. Маграаерса, П. Николсон, М.

Уолцер және т.б. атауға болады.

1953 жылы ағылшын иммунологы П. Меда-

вар «толеранттылық» сөзін «иммунологиялық

толеранттылық» деген терминмен ғылыми айналымға

енгізді. Медицинадағы осы жетістігі үшін Ф. Бернет

пен П. Медаварға Нобель сыйлығы берілді.

Жаңа ғасырларда халықаралық қатынастарда

толеранттылық ұғымының мәні артуына байланы-

сты оның түрлі ережелері мен сыни өлшемдері де

анықталды. Айталық, толеранттылықтың өлшемі бір

топ зерттеушілер (Г.У. Солдатова, Л.А. Шайгерова,

О.Д. Шарова) тарапынан былай деп белгіленген:

1) Теңқұқықтылық (жынысына, нәсіліне, ұлтына,

діни сеніміне, қандай да бір басқа топқа тиесілі

екендігіне қарамастан әлеуметтік игіліктерге,

басқару, білімалу, экономикалықмүмкіндіктерге

барлық адамдар үшін теңдей қолжетімділікті

қамтамасыз ету);

2) Өзара құрмет. Қандай да бір қоғам немесе топ

мүшелерінің мүгедек немесе босқындардың

түрлі топтарына түсіністікпен, төзімділікпен

қарай білуі;

3) Теңмүмкіндіктен. Қоғам мүшелерінің саяси

өмірге теңдей қатыса білуі;

4) ұлттық азшылықтардың тілі мен өзіне тән

мәдени ерекшеліктерін сақтап, дамыта білуі;

5) Діни сенімі мен мәдени дәстүріне қайшы келме-

се, көп адам қатысқан мерекелер мен қоғамдық

сипаты бар оқиғаларды қамти білу;

6) Бір қоғамдағы көп мәдениеттің әрбіріне өзінің

дәстүрін ұстана білуі;

7) Қоғамдағы басқа адамдардың құқықтары мен

мүмкіндіктерін шектемеу шартымен наным-

сенімдегі еркіндік;

47

Діни толеранттылық: кеше және бүгін