маргиналдану, аз ұлттарды кемсіту секілді т.б.
жағдайлардан туындады.
БҰҰ жарғысына сәйкес «толеранттылық –
азаматтардың төзімділік көрсету арқылы бірлікте өмір
сүріп, тату көршілер ретінде бір-бірімен бейбітшілікте
тіршілік етуі».
Жоғарыда
талданған
тарихи
фактілерді
тұжырымдайтын болсақ, толеранттылық ұғымының
алғаш батыста пайда болғанын, кейіннен барып сөз ер-
кіндігі, ұждан бостандығы, адам құқықтары мен демо-
кратия секілді басқа ұғымдарға негіз қалағанын айтуға
болады. Батыс толеранттылықұғымынаорта ғасырдағы
діни төзімсіздіктің асқынуы, шіркеу билігінің еркін
ой иелерін қудалауы, қатаң жазалауы, протестант-
тар мен католиктер арасындағы отыз жылдық қанды
соғыстар негізінде келді. Толеранттылықтың қазіргі
ұғымы осы ұзақ уақытта қалыптасқанын айта ала-
мыз. Бұл терминнің антикалық дәуірдегі мағынасы
қиналыс, ауыртпалық арқалау болғанын көреміз.
Орта ғасырларға қарай христиан дінінің үстемдігі
кезінде әдебиеттерінде кеңірек қолданысқа ие болып,
«өзіндегі игілік ретінде емес», қоғамдағы әлеуметтік
қақтығыстардың алдын алу үшін қолданылғанын
көрдік. ХVI ғасырдағы мәні «келісім, ризалық»,
«ұстамдылық» болып өзгерген. ХVIІ ғасырда күш
көрсетуден бас тарту, ағарту ғасырында философия-
сындамультимәдениетке сайжаңа өркениетшеңберінде
арнайы мән иеленгенін байқаймыз. Бұл уақыттарда ол
сөз бостандығы мен ар ұждан еркіндігін білдірді.
ХХІ ғасырда толеранттылық белсенді адами идео-
логия ретінде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар, әлеуметтік
топтар, өзгеше ұлттық мәдени, діни әрі әлеуметтік ор-
талар арасындағы ықпалдастық пен өзара құрметке
негізделген түсініктік теоремасына айналды. Бүгінгі
уақытта толеранттылық әр халықтың қастерлі
құндылықтарын бағалай білу, өз ерекшелігіңді
49
Діни толеранттылық: кеше және бүгін