Previous Page  42 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 52 Next Page
Page Background

Адамдарды бір-бірінен суытып, партияларды бір-бірі-

не жау етуде. Осыған орай біз ұждан еркіндігін жария-

лаймыз. Енді ешкім де діни келіспеушілігіне байланы-

сты айыпталмайды. Корольдіктегі бейбітшілікті бұза

алмайды»

67

.

Толеранттылыққа қатысты ағылшын интеллек-

туалдарының еңбектері 1689 жылы Даңқты рево-

люция (Glorious Revolution) орнығуының бір бөлігі

ретінде өткен шектеулі бір Толеранттылық (1701)

протестанттарға құлшылық жасау құқын берді. Алай-

да протестанттықтар азаматтық алу құқықтарының

шектеуін алдырту үшін 19 ғасырды күтуге мәжбүр

болды.

Бүкіл Ренессанс пен Ағарту ғасыры бойынша

Европаның бұлжымас құқықтық тұғыры ретінде алға

тартылған бұл термин алғаш рет 1792 жылы Австрия

императоры Джозеф ІІ (Иосиф) тарапынан tolerans

patent (толеранттылық эдикті) атты жарлығымен

құқықтық құжат ретінде бекіді

68

.

Осыдан кейін барып иудейлер киім мен білім

алудағы шектеулерден құтылып, геттоларда

69

өмір

сүру мәжбүрлігінен арылды.

Ағарту дами бастаған ғасырда Европадағы мем-

лекеттер белгілі бір ағымды мемлекет діні ретінде

қабылдап, азшылықтар мен басқа да ағым өкілдеріне

құқықтық шектеу қойып, жаза тағайындайтын.

Бұл жағдай 1555 жылы Протестанттар мен католик

67

Кесарийский Е. Церковная история в 10 книгах. Кн. 10.

Гл. 5. – Дерекөзі:

http://www.vehi.net/istoriya/cerkov/pamfil/

cerkovist/history.html Қаралған уақыты: 11.04.2014.

68

Ilber О. Osmanlı Barısı, Timas Yayınları, Istanbul, 2007. 60 б.

69

Гетто: италиян сөзі (ghetto). 1516 жылы Венецияда пайда

болған ұғым. Ірі қалалардың азшылық ұлттарға арналған

аудандары дегенді білдіреді. Азшылық ұлттар бұндай

аудандарда ерікті я еріксіз түрде өмір сүрген. Иудейлерді

оқшаулап ұстаған аудан атауы.

42

Діни толеранттылық: кеше және бүгін