Previous Page  37 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 52 Next Page
Page Background

де басқалардың құрбаны болғысы келмегендер өздері

басқаларды күштемесін»

58

.

Испан гуманистері Ф. де Витория (1492-1546), Б.

де Лас Касас (1474-1566), Х.Л. Вивес (1492-1540) аме-

рикан континентін христиан дініне өткізуде күш

қолдануға бармай, бейбіт тәсілдерге жүгіну керек-

тігін жақтады. Әсіресе, Б. де Лас Касас үндістерді

жақтауымен ерекше көзге түсті. Теологтар Т. де Бена-

венте (Мотолиния) мен Х. Хинес де Сепульведаның

пікір таласында испандықтарға қарағанда үндістерді

кемшін көріп, оларды христиандыққа күшпен кір-

гізу керек деген ойға қарсы Б. де Лас Касас «әлем

ұлттарының бәрі адам екенін», ал үнділер Христосты

танымаса да табиғаттарынан христиандықтағы із-

гілікті ұстанымдарға жақын екенін алға тартты. Ис-

пан гуманисті католик сенімін күштеп қабылдатқан

жағдайда ол түземдер ортасында, үндістерде «ең қатал

құдай Христос екен» деген ой туындататынын айтты

59

.

Ал ұғымды кең танымал еткен жан әйгілі «Уто-

пия» еңбегінің авторы ағылшын ойшылы әрі мемле-

кет қайраткері Томас Мор еді (1478-1535)

60

. Томас Мор

бұл еңбегінде утопиялықтардың бір-бірлерін сый-

лап, өзара құрмет көрсетуге тиіс екендігі жақтаған.

Утопиялықтар бір-біріне толеранттылықпен қараған

58

Стецкович М.С. Религиозная толерантность и нетерпимость в

истории европейской культуры. Санкт-Петербург, 2013. 80 б.

59

Сонда. 80 б.

60

Томас Мор әділетсіздікке қарсы шығып, әлеуметтік

әділеттілікті жақтаған. Өзі құқықты игергендіктен көптеген

салаларда қызмет атқарған. Мінсіз басқару формасын

қиялдаудан туған «Утопия» еңбегі Томас Мордың 1515-1516

жылдары арасында жазған саяси әрі әлеуметтік мазмұндағы

роман болып табылады. Ол 1516 жылы Антвербте

жарияланған. Еңбектің негізгі атауы Reipublicae Deque Novo

Insula Utopia. Мінсіз қоғамдық жүйені армандаудан туған бұл

еңбек 1551 жылы ағылшын тіліне аударылған.

37

Діни толеранттылық: кеше және бүгін