ішінде бір ғана сенімбар» (Una religio in rituumvarieatate)
деген қалыпқа түсірді. Алайда ол бұл сенімнің христиан
сенімі екенін, осы сенімнің өзге сенімдерге жұққанын,
әр ғұрыптарда әр түрліше көрініс бергенін жақтады.
Бір қызығы, Н. Кузанскийдің көзқарастарын зертте-
ген Джеймс Бичер бұл ойды тың пікірге жатқызбады.
Өйткені оның айтуынша, дәл осындай ойды жетін-
ші ғасырда Мұхаммед пайғамбар «әркімнің құқығы
мен сенімі бір, бірақ әр түрлі пайғамбарлардың діни
ғұрыптары әр түрлі» деп айтып кеткен. Н. Кузанскийде
Құранның латын тіліне аудармасы болғандықтан, бұл
оған таныс пікір болған
57
.
Н. Кузанскийдың негізгі ақиқат христиан сенімінде
екеніне баса назар аудартқанына қарамастан, бұрынғы
пікірлерге қарағанда оның тұжырымы өзге сенім ие-
леріне деген біршама толерантты әрі оң пікір ретінде
бағаланды. Өйткені ол осы тұжырымы арқылы христи-
ан емес діни сенімдерде де ізгі дүниелер қамтылғанын
білдіріп, шіркеудің тысында құтқарылу жоқ деген
басқаларды кері итерме түсінікті бәсеңдетуге алғашқы
қадам жасады.
Толеранттылық ұғымының кең түрде қолға
алынған кезі XVI ғасыр болды.
Голландиялық Эразм Роттердам (1469-1536) өзінің
иләхи жүйесін «Христос философиясы» деп атады.
Ол еңбегінде адамға өзінің адамгершілік міндеттерін
орындауына назар аудартты. Теологиялық талас-
тартыстар адами тәрбиені оңдаса ғана пайдалы деп
қабылдады. Эразмкүшпен істелген істердешынайылық
болмайтынын, ал шынайылықтың болмауы Христос
тәліміне қайшы деп білді. Ол өзінің түйінді ойын бы-
лай деп ұқтырды: «Бәрінен де әділеттісі сол, сенім ісін-
57
Айдын М. Динлерарасы диалог: махиет, илкелер ве
тартышмалар, Пынар йайынлары, Стамбул, 2008. Б.64. 335 Б.
36
Діни толеранттылық: кеше және бүгін