Previous Page  31 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 52 Next Page
Page Background

осыдан келіп туындайды. Әрбірі жеке-дара бірегейлік

пен айрықшалыққа ие»

49

.

Жоғарыдағы пікірмен келісіп діни төзімсіздік

діннің өзегінде бар құбылыс деп нақты айту қиын.

Өйткені дін абстрактілі ұғым, оны дәл сипаттау оңай

емес. Ал дінге берілген жалпылама анықтамалар көбіне

адамзат тарихындағы көрініс тапқан діндердің неме-

се ұстанушыларының сипаттауы немесе іске асырған

әлеуметтік тарихи қызметтеріне қарай берілуде. Ал іс

жүзіндегі төзімсіздік тарихи жағдайларда жүзеге асқан

болса, онда сол тарихи алғышарттарға көңіл бөлу ке-

рек. Қандай да бір діннің негізінде төзімсіздіктің бар-

жоғын анықтау үшін әр діннің догматикалық- доктри-

налды ерекшеліктерін қарастырып, (тіпті догматтар

мен сенім жүйесінің практикалық қырын салмақтап)

толеранттылыққа қаншалықты ашық я жабықтығын

таразылауға болады. Толеранттылықтың батыстағы

тарихи дамуын зерттеген Х. Батухан діндердің

теологиялық ерекшеліктері, сенім және құндылықтар

жүйесіндегі төзімділікке ашықтығына көңіл бөлуге

назар аудартып мынандай пікір білдіруде: «Бір дін

қаншалықты төзімсіз болса да егер мемлекеттен қолдау

тауып, құқықтық статус иеленбесе, ол төзімсіздіктің

ықпалы болмайды. Кері жағдайда бір дін қаншалықты

толерантты болса да егер мемлекет оны жалғыз заңды

дін деп жариялайтын болса, дінде төзімсіздікке жол

беріледі. Дінде толеранттылық немесе төзімсіздік де-

ген мәселе саяси мотивтері діни мотивтердің алдында

жүреді әрі ауыр тартады»

50

.

Бүгінгі күні діни төзімділікті екі негізгі топқа бөліп

қарастырушылар да кездеседі. А. Симаворян мен В.

49

Джеймс Э. Вуд. Право человека на свободу религий в

международной перспективе // Диа-Логос. Религия и

общество. – М.: Истина и жизнь, 1997. – С. 10-18.

50

Батухан Х. Батыда толеранс фикринин гелишмеси. Аныл

йайыневи. Стамбул. 1959. Б. 45. 220 б.

31

Діни толеранттылық: кеше және бүгін