Previous Page  26 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 52 Next Page
Page Background

Шіркеу қан төкпеу ұстанымы бойынша айыптылар-

ды дүниеуи кісілерге табыстап, бұған қоса, олардың

өміріне кешірім етсін деп дұға арнауын да үзбейтін

36

.

Алайда азаматтық биліктегілер кінәліні өртеуден бас

тартса, өздері инквизиция сотына тартылатын. Бірақ

биліктегілер жазалауда шіркеуден асып түспесе, кем

түспейтін. Ал халықтың желпінісі шіркеу мен биліктен

кем соқпайтын

37

.

Бұл уақыттардағы діни төзімсіздіктің асқынған

көрінісі ретінде Инквизиция сотындағы жазалардың

санына қарайтын болсақ, таңғалмау мүмкін емес. 1227

мен 1493 жылдар аралығында таза христиан сенімі

үшін инквизициямен құрбан болғандардың саны Рим

империясы қудалаған христиан шейіттерінің санынан

әлденеше есе көп болған. Бұған қоса, инквизициядағы

жаза түрлеріне қарағанда, Рим империясының жаза

түрлері әлдеқайда жеңіл екендігі байқалған

38

.

Ресей зерттеушісі З. Плавскиннің келтірген

мәліметінше, барлық инквизиция уақыттарында

(ең соңғы инквизиция сотының үкімі 1826 жылы

орындалған) бір ғана испан билігі шамамен 35 мың

адамды тірідей отқа жаққан

39

.

XII-XIII ғасырларда шіркеудің күресі иудейлер-

ге де бағытталды. Дж. Трахтенбергтің айтуынша, ол

кездерде «иудей» деген сөз бен «еретик» деген сөз

қатар шендестіруге дейін барды

40

. Еретиктер тәрізді

иудейлер де киімдеріне арнайы белгі тағылды. ХІІІ

ғасырда шіркеудің бастамасымен жабық иудей квар-

талдары геттолар пайда болды. Бұл кезде шіркеу хри-

стиандар мен иудейлердің некесіне тыйым салды. Шір-

36

Сонда. 181б.

37

Сонда. 182 б.

38

Сонда. 182 б.

39

Стецкевич М.С. Свобода совести: Учеб. Пособие. СПб.: Изд

во С. –Петерб. Ун та, 2006 с. – C. 52.

40

Трахтенберг Дж. Дьявол и евреи. М., 1998. 163 б.

26

Діни толеранттылық: кеше және бүгін