Previous Page  24 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 52 Next Page
Page Background

мен Санс (1140) соборларында айыпталып, ойшыл жаза

ретінде монастырьға қамалды, сабақ беру құқынан ай-

рылды, кейбір «еретик» деп табылған еңбектері отқа

жағылды.

Иохам Флорский (1132-1202) қайтыс болғаннан

кейін оның да кейбір еңбектері еретик деп табылды. Ол

папаның рұқсатымен Апокалипсисті зерттеді. Флор-

скийадамзат тарихынүшкезеңге бөлді. Үшінші кезеңге,

яғни Қасиетті Рух эрасына өту кезінде бұзақылар мен

кәпірлер және шала діни қауым да қырылатынын айт-

ты. Арнайы комиссия оның ойларын қарастыра келе,

ойшыл католик шіркеуі тұтас құритынын болжама-

ды, тек оның трансформациялануын ғана айтқанын

білдірді. Дегенмен Иоахим Флорский өлгеннен кейін

еңбегінің кейбір тұстары еретик деп табылды.

ХІІ ғасырдың соңына таман шіркеу сенімінен

қияс кеткендерді тауып, оларды қудалау міндеті әр

аймақтың өз шіркеулері мен билік адамдарына беріл-

ді. Еретик деп табылғандарға берілетін жаза оның

жеке мүлкін тартып алудан бастап, ақшалай салық,

түрме, қуғын-сүргін, тіпті өртеп жіберуге дейін бар-

ды. Жауапқа тарту мен қудалаудың жолдары, берілетін

жазаның көлемі, деңгейін анықтайтын жалпылама заң

жоқ еді. Мәселен, Юстиниан кодексіне сай Манишіл-

дерге және өзге сенімдегі еретиктер өлім жазасына

кесілгенмен, (Қараңғы ғасыр бойы батыста шіркеу тіке

өзіне қауіпті деп қабылдамағандықтан) бұндайларға

толеранттылық та көрсетіліп, Папа Лев ІХ еретиктер-

ге қарсы ең үлкен жаза шіркеуден аластау керектігін

алға тартты. ХІІ ғасырда еретиктер Шіркеу бірлігі мен

беделіне нұқсан келтіретіндей қауіпке айналғанда,

кейбір діндарлар Шіркеудің аластағандарын мемлекет

қуғындап я жазалауы керектігін алға тарта бастады.

Осы себепті алғаш рет Папа Луиз ІІІ пен император

Фридрих Барбарос 1184 жылы «христиан әлемінің осы

ішкі бас дұшпаны» деген мәнді білдіретін еретиктердің

24

Діни толеранттылық: кеше және бүгін