Previous Page  20 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 52 Next Page
Page Background

екіншісі – оқшаулануға тырысу. Бұл жағдайда адамның

өз туыстарымен сыйласудан басқа амалы қалмайды.

Басқаша айтсақ, адам өзінің басқаларға деген табиғи

шыдамсыздығын жеңе алады, қоғамда құндылықтарға

ие болып, өз орнын табады

27

.

И.В. Гете (1749-1832) мен кейінгі Шиллинг пен

Гегельдер жақсылықтың эстетикалық сипаттама-

сы қоғамды сынаудан туатынын, ол үшін адам-

ды күйзелістен сақтайтын нәрсе мораль екенін, бұл

тұрғыда толеранттылықтың рөлі аз емес екенін мойын-

дады.

Антикалық дәуірде грек дінінің пірәдарлар қауымы

мен жазба мәтіндері болмады. Бұл олардың догматтық

ұстанымдардан алыс болғандығын аңғартуда. Өйткені

төзімсіздік көбіне діндегі догматтардың қатаң талап

қоюынан туындаған. Ал Грекияда ол уақыттарда дін

саласында ғана емес, ой пікір саласында да еркіндік

болғанын айту керек. Сократ, Анаксагор секілді кейбір

ойшылдардың қысым көруі еркіндіктің жоқтығынан

емес, саяси себептерге байланысты туындаған.

Сондықтан антикалық дәуірде толеранттылықтың

діни сипатын сөз ету қиын, алайда кең ойлау жүйесі

мен ұждан еркіндігі болғанын айта аламыз.

Римдіктердің сенім жүйесі де гректердікі секіл-

ді

құрамындағы

халықтардың

наным-сенімін

қамтитын, догматтары жоқтығымен ерекшеленген.

Христиандық пайда болғанда оған иудей сектасы

ретінде қаралған себебі осы болатын. Рим империясы

құрамындағы басқа сенім жүйелеріне берген құқықты

христиандыққа да берді. Алайда христиан діні өкілдері

Римдіктер түсінігіндегі толеранттылықтан бөлек ер-

кіндікті қалағандықтан, қалыптасқан мемлекеттік

тәртіппен қайшы келе бастады. Римдіктер үшін дін

мен мемлекеттің бір-бірінен бөлектенуі, өзге сенім

27

Сонда.

20

Діни толеранттылық: кеше және бүгін