Үшіншіден, сектанттық ағымдарға деген төзімділік
(сектанттық ағымдардың бір-біріне деген төзімділігі де
кіреді);
Төртіншісі, құдайға сенетіндер мен құдайға
сенбейтіндердің жалпы қатынасы.
Бұл төрт топтың төртеуінің де толерантты қарым-
қатынасыөтемаңызды.Қазіргіуақыттадінсаласындағы
толеранттылық қоғам өмірінің тыныштығына кепілдік
беріп, ұлттар мен ұлыстардың өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан тең дәрежелі қатынас негізінде жарасымды
сыйластығын қамтамасыз етіп отыр. Қоғамда тұлғаның
өзге сенім өкіліне, экстремизм, терроризм, фунда-
ментализм, жаһандануға көзқарасынан, секуляризмді
бағалауынан, дін мен қоғам, ғылым мен дін қатынасын
белгілеу, діни пюрализмге жол беру секілді белгілеріне
қарап толеранттылықтың деңгейін анықтауға болаты-
нын айта аламыз.
Толеранттылық ұғымы ғасырлар бойы өзінің
қалыптасу кезеңін бастан кешіп келеді. Оның не-
гізгі мәселелері антикалық дәуірмен байланысты.
Толеранттылық антикалық ойшылдардың зерттеу пәні
болмаса да кейіннен дами түскен көптеген теориялық
қағидаларға негіз қалады.
Отандық зерттеушілердің бірі И. Цепкованың ай-
туынша, толеранттылыққа ежелгі дәуір тарихынан да
мысалдар келтіруге болады. Айталық, б.з.д. 28 ғасырға
тән көне египеттік саяси-діни құжаттардың бірі «Пта-
хотеп тәлімдерінде» басшылардың төменгі сатыдағы
адамдармен дұрыс қатынас жасау керектігі айтылған.
Вавилон патшасы Хаммурапи заңдарында (б.з.д. 18 ғ.)
патша қаһарлы бірақ өзіне бағыныштыларға қамқор,
әділ әке ретінде бейнеленеді. Ол әлсіздерге әлділердің
қоқан-лоққы жасауына жол бермейді. Жетім-жесір-
лерге қарасады. Көне қытайға тән классикалық даос
трактаты да «Дао дэ цзин» (жазылған жылы б.з.д. 6-5
ғғ.) ел билеушілерге арналған. Онда ысырапқоршылық
15
Діни толеранттылық: кеше және бүгін