Previous Page  12 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 52 Next Page
Page Background

Толеранттылық шексіз төзімділікті де білдір-

мейді. Карл Поппер

14

төзімділікті гуманистік әрі эга-

литаристік

15

этика ретінде қабылдай отырып, оның

ұстанымын былай деп белгілеген: «төзімділік өзі

төзімді әрі төзімсіздікті насихаттамайтындардың

бәріне де қатысты»

16

.

Бұдан түсінетініміз, басқалардың құқы мен ер-

кіндігі төзімділік шегінен аспаған жағдайларда ғана

толеранттылықтыңаясынасыяды.Алтолеранттылыққа

сыймаса ше? Бұл түсінікті ілгерілете берсек, «шексіз

төзімділік таныту төзімділік қасиетін жояды» деген

Платонға дейін барады. Яғни, төзімді адамдардың

жағдайы, төзімді қоғамның күйі төзімсіздерден қорғала

білуі де тиіс. Бұл турасында К. Поппер ойын жалғап

былай дейді: «Біз қажет болса төзімсіздерді күшпен

болса да баса білуіміз керек, өйткені олар біздің

деңгейімізде болмағандықтан, барлық уәждерімізді

жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан төзімсіздерге

төзімді болмау керек деген құқықты жариялауымыз

керек. Төзімсіздікке итермелейтін барлық әрекеттерді

заңсыз деп тауып, тіпті төзімсіздікке айдап сала-

тын істерді де тура кісі өлтіруге, бала ұрлауға немесе

құл саудасын қайта тудыруға шақырған істер секілді

қудалауымыз керек»

17

.

14

Карл Раймун Поппер (1902-1994) – австриялық, британиялық

философ әрі социолог.

15

Эгалитари́зм (фр.

Egalitarisme

– теңдік) – негізінде теңдік

жатқан концепция, материалды игілікке қол жеткізуде қоғам

мүшелерінің бәрінің теңдігін жақтайды. Элитаризмге қарама

қарсы мәнді сөз.

16

Толерантность в условиях современного мира: теория и

практикаБ.121//Толерантностьикультурамежнационального

общения. Учебно-методическое пособие «Просвещение Юг»

Краснодар, 2009. Авт. Колл. – 307.

17

Сонда.

12

Діни толеранттылық: кеше және бүгін