Психолог Т.Харристтің «Мен жақсымын, Сен де
жақсысың» деген кітабында тұлғаның қоғамдағы
адамдармен қарым-қатынасының төрт моделін
көрсетеді: «Мен жақсымын – Сен жақсысың», «Мен
жақсымын – Сен жамансың», «Мен жаманмын – Сен
жақсысың», «Мен жаманмын – Сен де жамансың».
Мұның ішіндегі алашқы екі компонент адамда туа біт-
ті қасиет болып саналады. Ал, соңғылары адам өзінің
жанын, рухани әлемін тәрбиелеу арқылы болатын
дүниелер. Алайда, Т.Харристің зерттеуі бойынша «Мен
жақсымын – Сен жамансың» қарым-қатынас моделі кез-
келген жерде конфликт, агрессия, тұрақсыздыққа әсер
етеді. Себебі, бұл модел адамның өзіне сенімділігінен,
жетістігінен пайда болады. Өзінің ішкі дүниесіне тепе-
теңдік әкелгенімен сыртқы тепе-теңдікті бұзады. Ал,
қалған үш қарым-қатынас моделі толеранттылықтың
мән мағынасын ашады
13
.
Бір айта кетерлігі, толеранттылық я төзімділік
сөзі басқалардың пікірін алға шығарып өз пікіріңді
тосылып айта алмау, ұстанымдағы жігерсіздікті, күш
көрсету мен озбырлыққа, әділетсіздікке, әлеуметтік
теңсіздікке жол беру, ынжықтық дегенді білдірмей-
ді. Ол кез кезген құбылысқа селқос қараушылықтан,
енжарлықтан да алыс. Терроризм, экстремизм,
нәсілшілдік пен әділетсіздіктің барлық түріне де жо-
ламайды. Ол адам құқын құрметтеу, плюрализм мен
демократияны, құқықтық тәртіпті жақтау, әр адамның
жеке тумысынан ұлтқа, дінге, белгілі бір мәдениетке,
ортаға тән болатынын ескеріп, олардың жынысына,
нәсіліне, сеніміне, дүниетанымының өзгешелігіне
қарамастан, жеке ерекшеліктерін сақтай отырып ортақ
тіл табысып, бейбіт өмір сүре білу дағдысы.
13
Харрис Т. Я хороший, ты хороший. – Москва: Соль, – 1993 –
270 с
11
Діни толеранттылық: кеше және бүгін