Previous Page  6 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 52 Next Page
Page Background

ынтықтық, өзін бір нәрсеге арнау, беру, қою, нәсіп болу,

сыйлау секілді мағыналарды білдіреді

2

.

Ағылшын тіліндегі этимологиялық сөздікте

indulg сөзінің XIV ғасырда Рим католик шіркеуін-

де қолданылғаны, XVI ғасырда алғаш рет Шотлан-

дияда indult ретінде ерекше құқық немесе өзгешелік

мағынасында,XVIIғасырдаболсабасыартықжақсылық

жасау, бағыныштылықпен сыйлау, XVIII ғасырда бол-

са бір нәрсеге көңіл бөлу

3

мағынасында қолданылғаны

көрсетілген. Басқа бір этимологиялық сөздікте Рим ка-

толик шіркеуінде indulg сөзі күнәсіне өкініш білдірген-

дерді кешіру мағынасында қолданылған. Жай уақытта

шіркеу заңдарына сыйыспайтын тұстарда папаның

кеңшілік жасап, рұқсат еткенін білдіретін құжат түрі

ретінде түсініктеме берілген

4

.

Индульгенция сөзінің толеранттылыққа ұқсастығы

бұл екі сөздің де күш қолдану, кешірім ету әрі діни

тұрғыдан мағыналастығынан туындауда. Алайда баса

айту керек, индульгенцияда бір жақты ғана кешірім ету

қаралады. Жасалған қандай да бір қателік, күнәға қарсы

тараптың өз ықтиярымен көз жұмып қарауы, кешіруі,

оған қателік, күнә ретінде қарамауы, жазаламауы не-

гізге алынады. Кейінгі ғасырларда толеранттылық

сөзінің мағыналық ұғымы кеңейіп, саясатта, медици-

нада т.б. салаларда қолданылуына байланысты бұл екі

ұғымның мәні бір бірінен алшақтаған.

Қазақ тілінде толеранттылыққа балама ретін-

де бүгінгі күні «төзімділік», «тағаттылық» сөздері

қолданылып жүр. Дегенмен «төзімділік» сөзінің

2

Glare, P.G.W., Oxford Latin dictionary, Fascicle I, Clarendon

Press, London, 1968, p.888.: Кабаагач пен Алова, indulgens,

indulgenti, indulgeo атаулары, Сонда, б. 298.

3

The Oxford Dictionary of English Etymology, Oxford University

Press, New York, 1974, s.929. \ indulg атауы, Сонда, 471 б.

4

Davidson, Thomas, Chamber’s English Dictionary, W&R

Chambers Limited, Edinburgh, мерзімі көрсетілмеген. 470 б.

6

Діни толеранттылық: кеше және бүгін