Previous Page  10 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 52 Next Page
Page Background

2) басқаларға ұнамды, жағымды іс жасай білу;

3) сыртқы ортаның ықпалын ағзаның қалыпты

қабылдай білуі.

Ал италиян сөздігінде «Novissimo Dizionario

Della Lingua Italiana» (1970ж.) бұл сөзге екі анықтама

берілген:

1) басқалардың айыбын кешіре білу, біздің сезім-

деріміз бен ойларымызға қайшы келетін істерді

өзгелердің айтуына я істеуіне мүмкіндік беру;

2) жағымсыз нәрсені көтере білу, ауруға шыдау.

Испан саясаттанушысы Фернандо Лосано толе-

рант ұғымына мынандай қысқа тұжырым берген:

«Толеранттылық деген не? Ол шегініс, жол берушілік,

я да немқұрайдылық емес. Ол басқаларды білу, түсіну.

Ол өзара түсіністік негізінде орнайтын өзара құрмет.

Толеранттылық деген не? Бірігуге – иә, біркелкілікке –

жоқ. Әркелкілікке – иә, зорлыққа – жоқ. Қызу талқыға

– иә, күшке, бағынушылыққа – жоқ»

11

.

Көптеген авторлар толеранттылыққа анықтама бер-

генде «біз» және «басқалар» категориясын ескеру кере-

ктігін де алға тартуда. Бұл бір жағы адамдар арасында

(әлеуметтік топтарда) айырмашылықтың барын білдір-

се, екінші жағынан өзін өзі айқындау үрдісінің бары-

на дәлел. Олардың айтуынша, толеранттылық адамға

өзінің тұлғалық қасиетін (идентичность) сақтай от-

ырып, «басқаларды» қабылдай білу қасиетін үйретеді.

«Біз» және «басқалар» парадигмасында толеранттылық

пассивті қабылдауға жатпайды. Ол өзіне түсініксіз,

ұғынықсыз, бөтен, жат нәрсемен жанасқан кезінде сол

түсініксіз нәрсені түсіну, ұғынуға деген ынтықтық

12

.

11

Лосато Ф. Толерантность – важнейший принцип равноправия

// Право и образование. 2000. - №1 (2). – C. 18.

12

О смыслах понятия «толерантность» // Век толерантности.

2001. №1.

10

Діни толеранттылық: кеше және бүгін