Previous Page  14 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 52 Next Page
Page Background

қатар өмір сүруін қиындатып, қайта олардың арасында

өзара діни төзімсіздікті туындататыны анық.

Діни толеранттылық тарихи дамуы барысында

өзінің белгілерін қалыптастырды. Қазіргі уақытта

оның мынандай белгілерін атап көрсетуге болады:

1) Әр діннің өмір сүруге құқы барын мойындау;

2) Адамдардың кез келген діни нанымды

таңдауына әрі өзінің діни сенімін айтуға ерікті

екенін құрметтеу;

3) Адамдардың өздері таңдаған діни сенімі талап

ететін құлшылық рәсімдерін жасауға түсіністік

таныту;

4) Діни сенімге байланысты күштеу мен «бөтен»

дінді сынап мінеуден аулақ болу;

5) Адамның кез келген сеніміне байланысты оны

қуғындаудың қандай да бір түріне бармау;

6) Сенушілер, түрлі діни бірлестіктер, зайыр-

лы ұйымдар арасында диалог орнатуға дайын

тұру

19

.

Діни толеранттылық өзімен ықпалдасатын топқа

байланысты мынандай түрлерге бөлінеді.

Біріншіден, өзге сенім иелерімен толерантты

қатынас орнату (мұсылман - христиан, мұсылман - буд-

дашыл, христиан мен буддашыл арасында т.б.);

Екіншіден, өзге конфессия өкілдеріне деген төзімді

қатынас (исламда сүнниттер мен шииттер, христиан-

дарда католиктер мен протестанттар, протестант пен

православтар арасында т.б.);

19

Смирнов М. Ю. «Религиозная толерантность в свете

традиционных и нетрадиционных религий» (материалы

Международной научной конференции «свобода религии и

демократии: старые и новые вызовы», Киев, август 2010).

Дереккөзі:

http://www.religiopolis.org/documents/832

Қаралған

уақыты: 11. 04. 2014.

14

Діни толеранттылық: кеше және бүгін