Previous Page  9 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 52 Next Page
Page Background

ұғымдық мәні кеңейе түсуі мүмкін. Сол үшін де бұл

сөзді не сол күйінде қолданысқа қалдырып, не оны

«кеңпейілділік», «түсіністік», «келісім мәдениеті» деп

атаған жөн секілді.

АлФилософиялық сөздікте берілген анықтамасына

жүгінсек: «Толеранттылық – түрлі көзқарастарға,

моральдыққұндылықтарменәдеттергедегентөзімділік.

Толеранттылық – әртүрлі халықтар, ұлттар мен

діндердің ерекшеліктеріне қатысты қажетті құбылыс.

Ол өзіне деген сенімділік пен өз ұстанымдарының

қолайлылығын, басқаларға жағымсыз әсері жоқтығын

түйсіне білу, басқа көзқарастармен салыстырулардан

қашпайтын және рухани бәсекелестіктен ықпайтын,

бұған қоса, әртүрлі идеялық бағыттарға ашықтық та-

ныту» дегенді білдіреді

9

.

Лекторский В.А. «Две концепции толерантно-

сти» деген еңбегінде В.М.Золотухиннің толеранттық

түсінігін талдап, бұл ұғымның философиялық маңызы

ретінде қоғамдық тұрмыстың жан-жақтылығын еске-

ру екендігін анықтайды. Оның ойынша толеранттық

бір жағынан, дүниетанымның ерекше типін

қалыптастыратын адами қызметті реттеуші адамгер-

шілік қағида болса, екінші жағынан қарама-қайшылық

пен жанжалды тиімді шешуге мүмкіндік беретін

практикалық құрал

10

.

Бүгінгі күнге дейін оған берілген анықтамалар да

аз емес. Атап айтсақ, Француз түсіндірме сөздігінде

«Nouveau Petit Larousse En Couleurs» (1968ж.) мынандай

мағыналар берілген:

1) өзімізден бөтен адамдарда бізге ұқсамайтын ой,

жүріс-тұрыс, сезім болатынын ескеру;

9

Краткая философская энциклопедия. – М., Прогресс-

Энциклопедия, – 1994.– 576 с.457б

10

Қартбаева Ж.Ж. Толеранттылыққа баулудың философиялық

негізі. Дереккөзі:

http://www.rusnauka.com/11_NPE_2012/

Psihologia/4_107513.doc.htm Қаралған уақыты: 11.04.2014.

9

Діни толеранттылық: кеше және бүгін