Previous Page  4 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 52 Next Page
Page Background

жылдықтарда тіптен артқаны байқалады. ХХ ғасырдың

екінші жартысындағы халықаралық қатынастардағы

жаңа тәртіп, мемлекетті басқару формасының демо-

кратиялана түсуі, халықаралық және мемлекеттік

деңгейдегі даулы мәселелерді шешудің құқықтық

механизмдерінің жетілуі, азаматтық қоғамды дамы-

ту, жаһанданудың ықпалымен алыстың жақындап,

арақашықтықтардың

азаюы,

әлеуметтік-мәдени

қатынастардың жиілеуі, адам құқы, сөз бостандығы,

ар-ұждан мен наным-сенім еркіндігі және т.б.

әлемдік деңгейдегі соны өзгерістер мен жаңаша

түсініктерге жол ашты. Халықтар ендігі жерде әлемнің

мультимәдениеттілігін аңғарып, бұндай жағдайда бір-

бірінің пікірін, бұрыннан қалыптасқан наным-сенімі

мен көзқарастарын, салт- дәстүрі мен ғұрыптарын,

өзіндік дүниетанымы мен құндылықтарын жат көріп

жатырқамай, мүмкіндігінше құрметтеу керектігін,

өзіңмен өзің оқшауланбай, ойда, пікірде, көзқараста

ашықтық қажеттігін түсіне бастады. Сондықтан да

бүгінгі күні бірқатар салаларда жиі естілетін сөздің

бірі толеранттылық болып отыр.

Толеранттылық көпжақты сөз ретінде қоғамдағы

демократия, адам құқықтары мен бостандығы, ди-

алог мәдениеті, мәдениетаралық байланыс, саяси

плюрализм, этикалық плюрализм, мәдени плюра-

лизм ұғымдарымен тығыз байланысты. Ол сондай-ақ

мына салаларда да кең қолданыста: әлеуметтік, жеке,

саяси, құқықтық, идеологиялық, коммуникативті,

этикалық, дүниетанымдық, психологиялық, медико-

биологиялық, діни-конфессиялық, ұлттық-этникалық,

гендерлік, нәсілдік, педагогикалық, тұрмыстық т.б.

Зерттеуші С. Г. Ильинская толеранттылыққа

әдістемелік қадамның негізгі төрт түрін көрсетуде:

1. Аксиологиялық (гр. axia – құндылық), ол

толеранттылықтың өзін құндылық ретінде алға

тартады;

4

Діни толеранттылық: кеше және бүгін