2. Идеалды типтік қадам, онда толеранттылық
қоғамдық құрылымға өз кезегінде моралды иде-
ал ретінде ұсынылады;
3. Онтологиялық
тарихи
қадам,
онда
толеранттылықтың дамуын тарихи негізде
қарастырады.
4. Кикілжіңді, онда белгілі бір шекте топ-
тар, мәдениеттер мен сенімдер арасындағы
кикілжіңдерге негізделеді
1
.
Түпкі тарихына қарасақ, «толеранттылық» сөзі
алғаш рет батыста пайда болған. Әуелде діни салада
қолданысқа түскен ол кейіннен басқа да көптеген жаңа
ұғымдарға негіз қалады.
- Толеранттылық
(tolerance)
бүгінгі
күні
«төзімділік» деген сөзбен түсіндіріліп жүр. Өйткені
латын тіліндегі «tolerantia» (түбірі «tolerare») деген сөз
«төзу, шыдау, көндігуді, рұқсат ету» деген мағынаны
білдіреді.
Толеранттылық сөзінің мәнін ашу үшін бүгінгі күні
оны өзімен мағыналас мына сөздермен салыстырып
қарау қажеттігі туындауда: индульгенция, төзімділік,
тағаттылық, күш көрсетпеу және кеңпейілділік.
Индульгенция сөзімен қатар алып қарастыруы-
мыздың себебі бұл екі ұғымның пайда болу дәуірі
үзеңгілес. Ағылшын тіліндегі сөздіктерде толеранс
сөзі «bear – endure – allow – indulg» және т.б. сөздермен
түсіндіріледі. Indulgence сөзі латын тіліндегі indulgens,
indulgenti, indulgeo сөздерінен батыс тіліне енген.
Indulgens кеңпейіл, көз жұматын, жұмсақ, кіршік-
сіз; indulgenti төзімділік, нәзіктік, жұмсақмінезділік,
мейірім, сүйіспеншілік, ұнамдылық, indulgeo бол-
са сыпайылық, түсіністікпен қарау, душар болу,
1
Климин А. Концепции толерантности: от Локка до теорий
современности. Дереккөзі: htpp/
/kds.eparhia.ru/publishing/sobesednik/fourteen/koncepciii/ Қаралған уақыты: 09.04.2014.
5
Діни толеранттылық: кеше және бүгін