мағынаны дәл айқындаушы бола алмайтынын ай-
туымыз керек. Бұл орыс тілінен алынған тіке аудар-
ма. Өйткені төзімділік қиын іске шыдамдылық таны-
туды білдіреді. Оның астарынан жағымсыздау мән
сезіледі. Ал толеранттылық сөзінің астарында келісім,
түсіністік, құрмет, ортақ тіл табысу, пікір жарастыру,
өзгені өзіңмен тең көру, жұмсақтық жатыр. Ал тағат
сөзі көбіне шыдам мағынасында қолданылады. Әдетте
«тағатым таусылды» дегенде «сабырым жетпеді»,
«төзімім сарқылды» деген мағына меңзеледі. Тағат сөзі
шыдам сөзімен синоним болғандықтан бұл сөздің де
толеранттылыққа дәл балама бола алмайтыны көрініп
тұр. «Төзімділікке қарағанда толеранттылықтың
ерекшелігі: онда құрметтеу, жеке айқындалу еркіне
тұлғаның құқы барын мойындау, баламаны қабылдау
және оған ашықтық, қандай да бір тұлғаның ісін сынау,
оған қарсылықтың болмауы бар»
5
. Ресей зерттеушісі
П. М. Козырева да толеранттылықтың анағұрлым
кең түсінік екендігін жақтаған: «Толеранттылықтың
қазіргі түсінігі жай ғана төзімділіктен гөрі анағұрлым
кең түсінікті қамтуда. Әлеуметтік ықпалдастықтың
көпқырлы аспектілерін есепке алған шексіз еркіндік-
ті жақтаушылар мен тым шектеп тастайтындардың
көзқарасын да есепке алсақ, түрлі анықтамалардан
олардың диапазоны кеңейе береді»
6
.
Ал отандық ғалымдар Б.Г. Нұржанов пен А.М.
Ержанова бұл екі сөздің айырмашылығын былай деп
түсіндіруде: «бәрінен бұрын оның айырмашылығы
5
Цепкова И. Толерантность: история и сущность. 23 б. \\
Духовность и толерантность как основа стабильности
общества.
Международная
научно
теоретическая
конференция, Алматы, 14 декабря 2007 года.
6
Козырева П. М. Толерантность и динамика социального
самочувствия в современном российском обществе. М.:
Институт социологии РАН; Центр общечеловеческих
ценностей; исследовательский центр «Демоскоп», 2002.
7
Діни толеранттылық: кеше және бүгін