Previous Page  8 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 52 Next Page
Page Background

мынада: «төзімділік» көбіне тұрмыстық немесе

медициналық мәнді білдіреді. Толеранттылық болса

анағұрлым кең мәдени, әлеуметтік және философиялық

ұғым. Бұдан бөлек, «төзімділік» бұл қасиеттің пассивті

қырын көрсетсе, «толеранттылық» белсенді, позитивті

қатынасты білдіреді»

7

.

Күш көрсетпеуге (nonviolence) келсек, ол кез-келген

мақсатқа жету үшін күш қолданудан саналы түрде

бас тартуды білдіретін этикалық және әлеуметтік

тұжырым ретінде белгілі. Әлеуметтік-саяси ұғымда

әлеуметтік әділеттілік үшін күресте немесе қоғамдық

қақтығыстарды шешу кезінде күш қолданудан бас тар-

туды білдіреді. Осы жағынан келгенде бұл ұғымнан

көпшіліктің ойына ә дегенде жағымсыз үстеме мән

келетіні сөзсіз. Сондықтан да толеранттылық сөзімен

бірдей мағынаға келетінін айту қиын. «Социология ме-

жэтнической толерантности» еңбегінің авторларының

да тұжырымдағанындай «толеранттылықтың күш

көрсетпеуден ерекшелігі: бұл ұғымда іс-әрекет бар

және сол іс-әрекеттің мақсатына деген жауапкершілік

бар. Ал күш көрсетпеуден ерекшелігі – мақсатқа жету

құралдарына деген жауапкершілігінде. Толеранттылық

ішкі жан қуатының батылдығы мен жігерлілігін талап

етеді»

8

.

Жоғарыдағы түсініктерді саралай келе мына-

ны айтуға болады. Толеранттылық индульгенция,

төзімділік, тағаттылық,күшкөрсетпеудендеанағұрлым

кең ұғым. Алдағы уақытта да заман өзгерісімен оның

7

Нуржанов Б.Г., Ержанова А. М. Толерантность как

духовная ценность Б. 12 // «Заманауи түркі әлемінің рухани

құндылықтары» атты философия ғылымдарының докторы,

профессор Жақыпбек Алтаевтың 65 жасқа толуына арналған

дөңгелек үстел материалдары. Алматы, 23 сәуір, 2013 ж.

8

Социология межэтничекой толерантности / Отв. Ред. Л. М.

Дробижева. – М.: Изд-во Института социологии РАН, 2003. –

222 с. – С. 29.

8

Діни толеранттылық: кеше және бүгін