Previous Page  3 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 52 Next Page
Page Background

ДІНИ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ:

кеше және бүгін

ХХІ ғасырда әлем жұртшылығы бейбітшілікті

қамтамасыз ету тұрғысынан ұлтқа, тілге, нәсілге, дінге

бөлінуденгөрібірігугекөбіреккөңілбөлебастады.Бұған

мәдени ықпалдастық, экономиканың өсімі, жаңа бай-

ланыс жүйелерінің пайда болуы, көші-қон жағдайлары,

қоғамдық санада жүріп жатқан күрделі трансформаци-

ялаулар т.б. да себеп болуда. Бірігу әскери, саяси салада

ғана жүзеге аспай, рухани, мәдени салада да негізге алы-

нуда. Осы орайда өзара түсіністік пен рухани келісім,

толеранттылық ұғымдарының мәні күн өткен сайын

артып келеді. Өйткені бұл ұғымдар халықтардың ен-

дігі дамуының маңызды факторы әрі әлемдік экономи-

каны рецессия жағдайынан алып шығар тұтқасы рөлін

атқарып отыр. Мультимәдениет пен жаһандану ғасыры

зорлықшыл әрекеттерге жол бермеуді, ешкіммен жау-

ласпауды, өзгелерді тыңдап, пікірін сыйлауды, плюра-

лизмді (саяси, этикалық, мәдени, діни, идеологиялық)

жақтап, өзге мәдениеттерді бөтенсімеу қажеттігін

сездіруде. Бүгінгі күні толеранттылық рухани-өнегелі

категория ретінде қазіргі қоғам үшін өзінің тарихи,

діни, психологиялық, педагогикалық, социомәдени

өзектілігін айқын аңғартуда. Өткен ғасырда қырғи-

қабақ соғыстар мен талай теперішті көрген ұлттар

ендігі беталыста уақыт сынынан өткен, тексерілген,

тиімділігі тарихпен дәлелденген осы ұғымдарды қоса

басшылыққа алуда.

«Толеранттылық» ауыз толтырып айтарлықтай

өзіндік тарихы бар көнеден келе жатқан сөз болса

да, оның жаңа заман мәдениетінің сөздері қатарына

қосуға болады. Бүгінгі күні әлеуметтік гуманитар-

лы ғылымдардың ең өзекті тақырыптарының бірі-

не айналып отырған бұл ұғымның маңызы соңғы он

3