Previous Page  13 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 13 / 52 Next Page
Page Background

Дін саласы – қоғам өмірін құраушы маңызды

салалардың бірі. Сондықтан да бұл саладағы дінге се-

нетіндер мен сенбейтіндер, бір конфессияның түрлі

бағыттары, түрлі наным-сенім өкілдері арасындағы

өзара құрмет пен сыйластыққа, мәдениеттілік пен

сыпайылыққа негізделген толерантты қатынастардың

болуы қоғамның тыныштығына тікелей әсер ететіні

сөзсіз. Әуелі діни салада орныққан толеранттылық

түсінігі кейіннен барып басқа да маңызды ұғымдарға

негіз қалаған.

Біз бүгін толықтай алғанда діни толеранттылық

ұғымына сенушілердің өзін айқындау еркіндігіне де-

ген құқын мойындау, осы құқықты азаматтардың

құрметтеуі, мемлекеттің демократиялық нормаларын

қалыптастырушы қоғамның мәдени-діни плюрализ-

мге дұрыс көзқарас, басқа наным-сенім өкілдеріне де-

ген түсіністікті сыйдырамыз. Діни толеранттылыққа

мынандай анықтама беруге болады: «Ол бір діни кон-

фессионалды қауымдастықтың өзіне тән ерекшелік-

терімен ерекшеленетін басқа бір діни конфесионалды

қауымдастыққа деген толерантты қатынасы. Әрбірі

өзінің діни сенімін ұстана отырып, басқалардың да

өзінікі секілді құқына құрметпен қарайды»

18

.

Діни толеранттылық дегенде басын ашатын бір

тұс, басқа сенімге толеранттылық таныту деген сөз өз

діни сеніміңнен бас тартуды я болмаса жеке тұлғаға не

қоғамға зияны тиетін қандай да бір діни құбылысты

сынға алмау керектігін білдірмейді. Ол өзгенің діни

сенімін ақиқат деп танып, дүниетанымын өзіңе

тұтастай қабылдау алу түсінігінен де алыс. Өйткені

бұндай жағдай дінге сенушілердің бір жерде бейбіт

18

Абуов А.П., Межконфессиональный диалог как основа

социального согласия. Дереккөзі:

http://ashgabat.kz/article/142

Қаралған уақыты: 11.04.2014.

13

Діни толеранттылық: кеше және бүгін