«Төзімділік» ұғымының генезисіне арналған В.М.
Золотухиннің зерттеуінде бұл ұғымның пайда болу
тарихы, философиялық, әлеуметтік негіздері жақсы
қарастырылғанын айта кету керек. Айталық, осы
кезеңдегі ойшыл Абдералық Протагор (490-420 б.з.д.)
«адам – барлық нәрсенің өлшемі» деген сөзімен адамға
деген көзқарасты өзгертті. Өмірлік қайраткерлігін
айқындау үшін адамның өзін жетілдіруі керектігі пікірі
қалыптасты. Протагор адамдарға «қоғаммен бірлесіп
өмір сүру мәдениеті» жетпейтінін, ол үшін адамдар
арасында «ұят пен достық қатынастар» керектігін,
«әлемдегі барлық нәрсенің ақиқат»
24
екенін айтты.
Демокрит (460-370 б.з.д.) болса «ұят» және «борыш»
ұғымдарына ерекше мән берді. Бұл ұғымдар адам іс-
әрекетін іштей тежей отырып, құқық пен моральды
бір-бірінен ажыратады. Платон (427-347 б.з.д.) өзінің
диалогы «Горгийда» Сократ идеяларын келтіре от-
ырып, «төзімділік» сөзін интеллектуалды аскетизммен
байланыстырып, оған әлеуметтік әрі рухани бірігудің
алғышарты ретінде қарайды.
Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.) «Никомаховая
этика» атты еңбегінде: өзіне мейірімділік көрсеткен
адамға түсіністікпен қарайтын адамды жақсы деп есеп-
теуге болмайды», «жақсы адам» өзгеге сондай қарым-
қатынас көрсеткен адам, ал бұл қиын іс», – деп жазған
25
.
Ол сондай-ақ таныс емеске де, танысқа да, жақынға да,
алысқа да адамның өзін бірдей ұстау керектігін айтты.
Кейінгі стоицизм өкілі Сенека (б.з.д. 4-65 б.з.)
«төзімділікті» батылдық пен жүректіліктің негізі
ретінде бағалайды. Өйткені онда жақсылыққа деген
парасаттылық пен табандылық бар.
24
Лаэертский Д. О жизни, учениях и изречениях знаменитых
философов, М.: «Мысль», 1986, С. 348.
25
Қартбаева Ж.Ж. Толеранттылыққа баулудың философиялық
негізі. Дереккөзі:
http://www.rusnauka.com/11_NPE_2012/Psihologia/4_107513.doc.htm
18
Діни толеранттылық: кеше және бүгін