Previous Page  19 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 19 / 52 Next Page
Page Background

Августин Блаженный да (354-430 б.з.) адамға өзін

тану қажеттігін алға тартты. Ол «Адам кім?» де-

ген сұраққа жауап іздеді. Августин үшін құдайдың

үштік ұғымы ерекше мәнді білдірді. Адам құдаймен

құпия тілдесе отырып, махаббатымен өзін жетілдіреді,

іштей нұрланады. Құдай сүйгендіктен адамды сүю,

жақсы көру Августиннің толеранттылық кең түсінігін

байқатуда.

Рим императоры Марк Аврелий Антонионың (121-

180 ж.ж.) «К самому себе» немесе «Наедине с собой»

деген шығармаларында әңгімелесушіге толеранттық

қарым-қатынасты

сипаттайтын

жазбалар

бар:

«Адамдарды сендіруге тырыс. Егер олар көнбесе өзің

әділет заңына қарсы келме», «Оларға шын мейірім

мен пайданы көрсет, бірақ тітіркенбей, сілкінбей»,

«Өзіңе айтылған нәрсені мұқият тыңдауға дағдылан

және өзіңмен сөйлесіп отырған адамның ойын толық

қабылдауға ұмтыл. Адамдардың басшылыққа алатын

әдет-ғұрпы мен күшін түсіну үшін мінез-құлқы мен

әдеттерін жақсы білу керек»

26

.

Ерте патристиканың өкілі Тертуллиан (160-220)

өзінің «Төзімділік жайлы трактатында» төзімділікті

бірінші орынға шығарады. Ол үшін «төзімділіктің»

жалпы мағынасы мен практикалық мәні күмәнсіз. Ол

бойсұнушылық пен аскетизмді анықтайтын құдайлық

түр ретінде өмір сүруін жалғастырады.

И.Кант (1724-1804) бұл ұғымды тіке алып

қарастырмаса да төзімділік проблемасын адамның

ішкі «мені» тұрғысынан қарастырған. Неміс ойшылы

«Идея всеобщей истории во всемирно-гражданском

плане» (1784) еңбегінде толеранттылықтың «Өзгеге»

қатыстылығы мәселесіне пайымдаулар жасайды

.

И.Канттың пікірінше, адамда екі жақты бейімділік

болады: бірі – өзі сияқтылармен пікірлесу мүддесі,

26

Сонда.

19

Діни толеранттылық: кеше және бүгін