пен соғыстардан, адамдарға күш көрсетуден бас тар-
тып, олардың жеке өмірлеріне араласпау керектігі
жазылған. Мемлекетті әскербасы емес данышпан кісі
басқару керек
20
.
Өз мақаласында ғалым Ж.Ж. Қартбаеваның да атап
көрсеткеніндей, антикалық кезеңде толеранттықтың
екі типі алға шыққан: полистік, имперлік. Полистік тип
– тұрақсыз, антикалық демократияның қозғалысымен
байланысты және сыни рационалистік диалогта,
сопылық қозғалыста, скептиктер көзқарасында, діни
тәжірибе формаларының көптүрлілігінде және сая-
си плюрализмде көрініс тапқан. Толеранттылықтың
имперлік типі күшті, саяси билікке негізделеді. Бұл
жағдайда діни және философиялық плюрализм анық
көрінеді, ұлттық және сенім үшін шеттету болған жоқ
21
.
Антикалық дәуірде гректер мен римдіктерде
жалпыға ортақ бір құдайға деген сенім болмағаны
белгілі. Сондықтан да ол кездегі халықтар бір-бірінің
құдайларын, олардың есімдері мен қызметтерін ойша
салыстыратын. Гректер мен римдіктер құдайларына
ат қоймайтын. Құдайдың белгілі аты болмағандықтан
басқа халықтарға тән құдаймен атқаратын қызметі,
басқа да өздеріне тән ұғымдары сәйкес келген
жағдайда оны да өз құдайларының пантеонына қосуда
қиналмайтын. Өзіне тән аты бар, өзіне ғана табынуды
талап ететін иудей құдайы олардың пантеонына қосыла
алмаған. Осы себепті римдіктер үшін иудейлердің
ерекшелігі «адамзат тегін жек көретіндіктері» (odium
generis humani) еді. Осы тұрғыдан келгенде, «таңдаулы
халықтың» монотеистік дініне қарағанда пұтшылдық
20
Цепкова И. Толерантность: История и сущность //
Международная
научно-теоретическая
конференция,
Алматы, 14 декабря 2007 года. С. 15.
21
Қартбаева Ж.Ж. Толеранттылыққа баулудың философиялық
негізі. Дереккөзі:
http://www.rusnauka.com/11_NPE_2012/Psihologia/4_107513.doc.htm Қаралған уақыты: 11.04.2014.
16
Діни толеранттылық: кеше және бүгін