өкілдерінің өз аумағында тұруы келеңсіз жағдай ретін-
де білінген. Христиандардың мемлекеттің байырғы
культіне табынудан бас тартуы, құлиеленушілікке
қарсы шығуы, әлеуметтік қоғамдық өмірде римдік-
терден басқаша өмір сүру салтын ұстануы, бұған қоса,
наным-сенімде еркіндік талап етуі мемлекет үшін
қауіп төндіргендей әсер қалдырды. Бұдан бөлек, шір-
кеу ұйымдарының күшейіп, кең тарала түсуі себеп-
ті христиандық әлеуметтік күшке ие бола бастады.
Осы жағдайлар Рим билік басындағылардың бұл дін
өкілдерін қыспаққа алып, қудалауына түрткі бол-
ды. Бірақ христиандықтың алдын бәрібір бөгей ал-
мады. Соңында кезінде христиандарға қарсы саясат
жүргізген Рим императоры Галерий 311 жылы Нико-
медияда эдикт жариялап, христиандарды қудалауды
тоқтатуға жарлық берді. Бұл жарлыққа сай Диоклети-
ан кезеңіндегі христиандарды қудалаулар тоқтатылып,
мемлекет тарапынан христиандарға төзімді қатынас
жасалды: «Христиандарға тез арада кешірім жасауды
ұйғардық: олар христиан күйінде қалсын, қоғамдық
тәртіпті бұзбау талабымен діни бас қосатын үйлерін
(мінәжатхана) сала берсін»
28
. Мемлекет шіркеумен тең
әріптестік орнатып, тіпті басқа діндердің арасында
оны беделді етті. Бұл акт христиандарға «қайта өмір
сүру» мүмкіндігін беріп, қоғамдық тәртіпті бұзбастан
қауымдық діни басқосуларын өткізуге кеңдік жасады.
Эдикте тәркіленген мүліктерді қайтару айтылмады.
Бірақ қамауда жатқан көптеген христиандар босатыл-
28
Савич И. А. Политико-правовая основа толерантных
отношений в истории западных государств IV-XVIII вв.
76 б. //Толерантность в современном обществе: опыт
междисциплинарных исследований: сборник научных статей
/ под научн. ред. М.В. Новикова, Н.В. Нижегородцевой. –
Ярославль : Изд-во ЯГПУ, 2011. - 357 с.
21
Діни толеранттылық: кеше және бүгін