кеу иудейлердің өмір сүру мен нанымын ұстана алу
құқын ғана болдырмай тастамады. ХІІ ғасырда арнайы
Constitutio pro Judeis атты құжат қабылданды. Бұл
құжатта идейлерге күшпен христиан дінін қабылдатуға
тыйым салынды
41
. Халықтық деңгейде де иудейлерге
тағылған кінә аз болмады. Ең көп тағылған кінәнің бірі
«қанды жала» еді. Бұл бойынша иудейлер өзге сенім
өкілдерін (көбіне христиандарды) өлтіріп, өздерінің
діни ғұрыптарында сол қанды пайдаланады деген кінә
артылды. Анығында ХІІІ басында неміс императоры
Фридрих ІІ христиан құдайтанушылары мен шоқынған
иудейлер қатысқан арнайы комиссия құрғызып, Көне
өсиет пен Талмудта қанды жала туралы айтылмай-
тынын, қайта иудейлер үшін өздерін қанмен дақтауға
болмайтындығына анық дәлелдер барын анықтаған
болатын
42
.
Иудей-дәрігерлердің де жағдайы қиын еді. Шір-
кеу христиандарға олардың қызметін қолдануға тый-
ым салды. Кейде король сарайына кіру үшін арнайы
рұқсат берілетін. Иудей дәрігер христиан королінің жа-
нында үлкен тәуекелге баратын. Өйткені емдеудің қай
нәтижесі де дұрыс қабылданбады. Егер науқас жазыл-
са, иудейге «сиқырлады», «арбады» делінетін. Ал жа-
зылмаса, «қастандық жасады» делінетін. Орта ғасырда
бұндай жағдайлар жиі орын алды
43
. Кейде зайырлы
билік әртүрлі себеппен, көбіне идеологиялық иудей-
лерді жаппай қуатын (1290 ж. – Англия, XIV ғ. Фран-
ция екі рет және Германияның басым бөлігі). Ондайда
олар басқа елдерді барып паналайтын. 1367 ж. Польша
королі Ұлы Казимир ІІІ «Артықшылықтар жөнінде
грамота» жариялап, онда иудейлердің шектеулі авто-
41
Стецкевич М. С. Религиозная толерантность и нетерпимость
в истории Европейской культуры. Санкт-Петербург. 2013. 71
б.
42
Сонда. 72 б.
43
Сонда. 71 б.
27
Діни толеранттылық: кеше және бүгін