адам өзгелерге нашар үлгі болатындықтан, қатаң жаза-
лануы тиістігіне назар аудартқан.
Орта ғасырда ой-пікір саласында да толеранттылық
болмағанын айтуға болады. Өйткені оқып жаза
алатын сауатты адамдар ретінде ғылымды шіркеу
қызметкерлері қадағалайтын. Универсиеттердегі оқу
бағдарламаларын да дін қызметкерлері әзірлейтін.
Шіркеу ғылымды қолдағанмен, өздерімен сәйкеспейтін
ешбір пікірді қабылдамайтын. Мәселен, алғашқы
дәуір ойшылдарының еңбектерін қайта қарастырған
Ибн Рушд секілді мұсылман ойшылының еңбектері
батысқа жеткенде, шіркеу жағдайды бақылуда ұстау
үшін Қасиетті Томас секілді дін адамына ол еңбектерді
шіркеу көзқарасымен ұштастырып барып жариялау ке-
ректігі туралы тапсырма берген болатын. Бұл кезеңде
христиан сенімінен тыс адамдар болса да ашық түрде
толеранттылықты жақтағандар кездеспеген. Тек дінді
саясатқа араластырмау, дінді мемлекет істеріне арала-
стырмау керектігі пікірін ашық білдірген Марсилий
Падуанский (1275-1342) мен жолдастары Жандундық
Жан мен Оккамдық Уиллиамды зайырлылықтың
алғашқы қолдаушылары ретінде атауға болады. Мар-
силий «Бейбітшілікті қорғаушы» (1324) еңбегінде
шіркеудің мемлекетті басқаруға құқы жоқ екенін,
жоғарғы билік мемлекетке тән болуы керектігін
жақтады. Ортағасырлық басқа да көптеген ойшылдарға
қарағанда Марсилий құқықтық заңдар мен құдайлық
заңдардың ара жігін нақты ажыратты. Зайырлы билік-
ке бәрі, оның ішінде шіркеу де бағыну керектігін ай-
тып, бұған Жаңа өсиеттегі билік туралы өсиеттерді
дәлел етті. Марсилийдің ойынша, шіркеуде мемлекет
тәрізді күштеу билігі болмауы тиіс, өйткені Христос
пен апостолдары да бұны талап етпеген
53
. Құдайлық
53
Стецкович М.С. Религиозная толерантность и нетерпимость в
истории европейской культуры. Санкт-Петербург, 2013. 77 б.
33
Діни толеранттылық: кеше және бүгін