жорықтары ұйымдастырылды. «Не христиан болсын,
не өлсін!» деген ұрандар көтерілді
46
.
Реконкистаның соңғы кезіне таман мүдеахарларға
деген қысым да артты. Католик шіркеуінің жетек-
шілігіндегі Латеран соборларында 1179 бен 1215 жылы
христиандарға иудейлер мен мұсылмандармен бірге
тұруды шектейтін заң шықты. Оларға арнайы киім кию
міндеттелді. Испан королдары мүдеахарлар үшін шаш
үлгісі мен арнайы белгілерді көрсетіп жүруді т.б. мін-
деттеді. XIV ғасырда христиандарға маврлар мекен-
деген аймақта үй салуға, сауда-саттық жасауға тый-
ым салынды. 1318 жылы Арагонда мұсылмандардың
құлшылығына әрі құлшылыққа шақыруына алғаш
тыйым салынды. Жаза ретінде өлім жазасы бекітілді.
Мұсылман қабірлерді зиярат етуге, христиандардың
мерекесі болып табылатын жексенбі күні жұмыс істеу-
ге тыйым салынып, мешіттер қиратылды
47
.
Өз кезеңінде Фома Аквинскийдің (1225-1274) ере-
тиктерді аяусыз жазалау керектігі турасында айтқан
мына сөзі әйгілі: «мәңгілік өмірге қатысы бар дінді
бұрмалаушылық осы өмірге ғана қатысы бар жалған
ақша жасаушылардан әлдеқайда сорақы қылмыс.
Зайырлы мемлекеттер жалған ақша жасаушыларды
басқа да қылмыскерлер секілді өлім жазасына кесетін
болса, дінбұзарлыққа барған еретиктерді өлтіріп та-
стау әлдеқайда әділеттірек»
48
.
Бұл кезеңде толеранттылыққа аздаған қадамдар
жасалса да ол әрекеттер төзімсіздіктің орасан зия-
нынан қорғану үшін жасалды. Христиандықты жаю
46
Сонда. 74 б.
47
Сонда. 74 б.
48
Политико-правовая теория средневековой схоластики. Фома
Аквинский / Учебник под ред. О. Э. Лейста // http://www.
bibliotekar.ru/istoria-politicheskih-i-pravovyh-ucheniy-1/24.htmҚаралған уақыты: 11.04.2014.
29
Діни толеранттылық: кеше және бүгін