Previous Page  25 / 52 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 25 / 52 Next Page
Page Background

көзін құрту үшін келісімге барды. Әр диоцезде

(қалалық және әкімшілік басқарма) бір епископтық ин-

квизиция құрылып, мемлекет билігіндегілер осы істе

епископтарға көмек беруі тиіс болды. Алғашында жаза

түрлерінің арасында өлім жазасы болмағанын айту ке-

рек. Луиздің бұйрығын жаңалаған папа Иннокентий ІІІ

Альбигойларды (катарлар) қылышпен қырып салуға

жол ашқан крест жорығын ұйымдастырғанмен бұл

жазаны ресми түрде қабылдамаған болатын. Алғаш

рет император Фридрих ІІ еретиктерге өлім (отқа

өртеу) жазасын заңдастырды. Шіркеу болса өзіне бас

дұшпан деп көргендерге арналған осы заңды бірден

мақұлдады

33

. Еретиктермен соғысты күшейту үшін

жауапқа тартудың бір орталықтан жүргенін дұрыс

көрген папа Георгий ІХ инквизицияны епсикоптардың

қолынан алып, тікелей папалыққа бағындырып, бұны

тұрақты жұмыс істейтін әмбебап жағдайға келтір-

ді

34

. Бұл кезеңде төзімсіздіктің асқынғаны сонша,

дін адамдары ғана емес, билік басындағылар мен

қарапайым бұқара да діннен бетбұрғандарды ұстап

беріп, сыртынан сатып, астыртын хабарлап, бір-

бірімен жарысқандай жағдайға жеткен. Бір жағы ере-

тиктерді қорғау, оларды жасырып қалу бұқара халыққа

кінә болып тағылды. 1254 жылдан кейін инквизиция

кінәлаған адамдар өздерін қорғау үшін адвокат жал-

дай алмайтын. Кінәлі деп табылса болды мүліктері

тартып алынып, мемлекет, шіркеу және өздерін ұстап

бергендер арасында бөліске түсетін. Еретиктердің ба-

лалары мұрадан қағылғаннан кейін басқа еретиктерді

тауып беріп, әке-шешелерінің күнәсін тазартпайынша

қандай да бір жоғарғы лауазымға көтеріле алмайтын

35

.

33

Батухан Х. Батыда толеранс фикринин гелишмеси. Аныл

йайыневи. Стамбул. 1959. 180 б.

34

Сонда. 181б.

35

Сонда. 181б.

25

Діни толеранттылық: кеше және бүгін